ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29 қыркүйек күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты. Конференция делегаттары партияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылап, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайлады.

Конференцияда сөз алған «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жарылғасын Шамбалаевтың айтуынша, саяси тұғырнамада қазіргі кездегі басты құндылығымыз – еліміздегі ауызбіршілік пен тұрақтылық туралы жазылған және қоғамымызды дамытудың барлық негізгі бағыты көрініс тауып отыр. Сонымен қатар, бұл тұғырнама тек партия мүшелеріне ғана емес, Қазақстанның барлық азаматына арналғанын айтты.

«Жастар – еліміздің болашағы. Қазіргі таңда қабылданып жатырған барлық шешім ең алдымен жастарға әсер етеді. Партияның жаңа Саяси тұғырнамасы партияның қатарында көп жылдан бері мүше болып келе жатқандарды да, оның жаңа мүшелерін де бір мақсатқа біріктіретін құжат болатынына сенеміз», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының Шалқар аудандық филиалының мүшесі Бақытгүл Рамазан.

Еске сала кетсек, 6 қазанда Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Posted Under
Санатталмаған