ШАЛҚАРЛЫҚТАР ҚОСТАНАЙҒА КӨМЕК ЖӨНЕЛТТІ

Осы айдың басында Қостанай облысының кейбір аумақтары өртке оранып, тілсіз жаудан қаншама жан зардап шекті. Орын алған жағдай барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Табиғи апатқа тап болған қостанайлықтарға ел болып, жұрт болып көмек қолын созуда. Бұл жағдай Шалқар жастарын да бей-жай қалдырмады.

Осыған орай Шалқар волонтерларының штабы құрылып, оның жиыны өткізілді. Оған  барлығы 10 волонтерлық топ жетекшілері қатысты. Қазіргі таңда штаб құрамында 30-ға жуық жас жұмыс жасауда. Жиын барысында ерікті жастар Қостанайға көмек көрсету үшін жасалатын жұмыстарды талқылап, жоспар құрды. Сонымен қатар барша аудан тұрғындарына кез-келген көмек түрі қабылдана беретінін жеткізді.

Волонтерлар қаладағы барша кәсіпкерлерді аралап, осы мақсаттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлер тарапынан қаржылай көмек, азық-түлік, мектеп формалары, оқу құралдары және киім-кешектер берілді. Шалқар халқынан жиналған гуманитарлық көмек Ақтөбе қаласындағы «AMANAT» партиясының штабына тапсырылды. Көмектер әлі «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының ғимаратына жеткізілуде.

                                                                                           Өз тілшімізден.