Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы салық төлеушілерге уақытылы және сапалы ақпараттандыру жол картасына сәйкес, осы жылдың 16 тамыз күні Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырды.
Бұл іс-шарада аудан тұрғындарына мемлекеттік кірістер комитеті әзірлеген өнімдерін, оның ішінде тегін мобильді қосымшалар «Е Salyg Azamat», «Е Salyg Business» , «SalygBot» сандық салық кеңесшісі телеграм чат бот туралы қарапайым халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді және салық төлеушілердің қойған сұрақтарына жауап берілді.
Сауда үйлерінің, дүкендердің, халық көп жүретін жерлерге осы қосымшалар туралы ақпараты бар кюар кодтар орналастырылды. Бұл жерде кез келген адам телефонындағы кюар код арқылы мобильді қосымшалар туралы кеңінен ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, айта кететін тағы бір жәйт қазіргі уақытта әр салық төлеушінің мобильді телефонына мүлік салығының, көлік салығының төлеу мерзімдері туралы, салық есептіліктерін тапсыру және төлеу мерзімдері туралы, салық берешегі туралы және де тағы басқа салыққа қатысты смс хабарламаларды жөнелту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұйымдастыру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін осындай смс хабарламалар әр салық төлеушіге мобильді телефондарына келетін болады.