Қауіпсіздік, ұрлықтың жолын кесу жәйттері айтылды

Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясы және Шалқар сигнализация және байланыс дистанциясының жұмысшыларымен кездесу өткізіліп, профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Кездесу барысында Шалқар станциясының бастығы Ж. Ізтілеуов, Шалқар желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Е.Құлманов, Шалқар станциясының Әскерилендірілген теміржол күзеті бастығының орынбасары А.Оразов, Шалқар сигнализация және байланыс дистанция бастығы А. Еңсепов және Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясының бас инженері Б.Ешмановтың қатысуымен адамның денсаулығы мен өмірінің теміржол аумағындағы қауіпсіздігі жайы  қаралды.

Теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, теміржол аумағында белгіленбеген жерлерден  өтпеу және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559-бабының 5-бөлігінде көрсетілген заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді.

Одан басқа бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде темір жол жоғары құрылыс бөлшектері, жылжымалы құрамнан жүктерді ұрлау өз міндеттерін орындау кезінде қылмыстық іс-әрекетке бармау жайы түсіндіріліп, қылмыстық іс-әрекетке барған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің заңнамасында көрсетілген жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. Осы кездесуде ҚР Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатының жайы кеңінен айтылды.

Шалқар желілік полиция бөлімі.

Posted Under
Санатталмаған