ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Е.Кулманов  теміржол вокзалы жұмысшы-қызметкерлері және жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізіп,  Шалқар станциясының перрон және вокзал маңында орналасқан сауда нүктелерінің иелеріне профилактикалық сұхбат жүргізді.     

       Бұл шараның мақсаты — қоғамдық орындарда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдыртпау, жолын кесу болып табылады. Бұдан басқа жеке кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңмен бекітілген жергілікті уақытпен сағат 22:00-07:00 аралығында алкогольдік өнімдерді сатпау жөнінде ескертілді.

 Е.КУЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПБ бастығы, полиция капитаны.

Posted Under
Санатталмаған