МИНИСТР ЫРҒЫЗҒА КЕЛДІ

18 маусым күні Ырғыз ауданына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров келіп, халықпен кездесті. Кездесу барысында ақпарат саласын дамыту, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясаты, дін, этносаралық қатынастар, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері тұрғысында еркін пікір алмасулар болды. БАҚ өкілдері үшін арнайы брифинг ұйымдастырылып, азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

Осы айтулы кездесуге ауданымыздан аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаев бастаған аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық жастар ресурстық орталығының басшылары мен жергілікті имамдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг барысында жергілікті БАҚ-тың әлеуетін арттыру, журналистердің мәртебесін нақтылау, сенімді ақпарат көзін қалыптастыру жайында маңызды кеңестер айтылды.

«Шалқар»-ақпарат.