АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

6 мамыр күні  «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында Шалқар ауданының әкімі, аудандық партия филиалы төрағасы Жанболат Жидеханов азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй және жұмыспен қамту мәселелері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша өз өтініштерін білдірді.

Аудандық партия филиалының төрағасы Ж. Жидеханов тұрғындардың өтініштерін шешу мақсатында тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, мәселелерді өз бақылауында болатынын жеткізді.

Қабылдауға барлығы 11 тұрғын келді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Posted Under
Санатталмаған