РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДАҒЫ ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ

№490 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаушылар да Жаңа Қазақстанның  жарқын болашағынан үлкен үміт күтеді. Аталған учаскеде дауыс берушілерге барлық жағдайлар жасалған. №5 мектеп-лицейінің кіреберісінде көркем еңбек пәні мұғалімдерінің қолөнер туындыларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Түрлі нақышпен тоқылған тоқыма бұйымдары, табиғаттан сыр шертетін суреттер көпшіліктің назарын аудартпай қоймайды.

 —Біздің негізгі мақсатымыз шәкірт тәрбиелеп, бойдағы білімімізді жас ұрпақпен бөлісу болса да қоғамда болып жатқан іс-шаралардан тыс қалмаймыз.

    Оның ішінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңашылдыққа бет бұратын тың жоспарларын қолдап, Конституциялық өзгерістердің соңы кемел келешекке жол ашатынына сенеміз. Учаскемізге келіп, өз таңдауын жасаушылардың барлығы елдің бірлігін қолдайды, ертеңгі күнінен үлкен үміт күтеді. Қашанда жауапты іске ыждағаттылықпен қарайтын, болмысы өзгелерге үлгі боларлық жандар болады. Олар мұндай жауапкершілігі жоғары тағдыршешті таңдаулардың дұрыс өтуін өз абыройындай ойлап, белсенділік танытады.

    Біз ондайларды дер кезінде елей білгеніміз дұрыс. Осы мақсатпен №490 референдум учаскесіне бірінші келіп, таңдау жасаушыларға сый-сияпаттар үлестірілді. Жасы ұлғайған ардагерлеріміздің дауысы үйлеріне барып алынып, оларға да сыйлықтар үлестірдік, — дейді аталған референдум учаскесінің хатшысы Гүлжан Боқаева.

 Мұхтар МЫРЗАЛИН.

Posted Under
Санатталмаған