ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Маңызды  шарада өз таңдауын жасау үшін аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Майкөпов №493 референдум учаскесінде дауыс берді.

—Бүгін Қазақстан тарихында ерекше орын алатын күн. Сол себептен де ел тұрғындары мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасауда. Яғни, референдум арқылы Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. 

Сондықтан Қазақстанның дамуына әрқайсымыз өз үлестерімізді қосуға тиістіміз.  Елімізде тыныштық болып, үлкен жетістіктерге жете берейік, — деп лебізін білдірді кеңес төрағасы.

 М.ДӘНЕКЕРОВ.

Posted Under
Санатталмаған