ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗДЫ ЖАСАЙЫҚ

РЕФЕРЕНДУМ — 2022

Алда  өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумның әрбір азамат үшін маңызы зор. Өйткені, Конституцияның 33 бабына, яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші. Ондағы ең өзекті мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары, халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Өзге де өзекті мәселелер назардан тыс қалмақ емес. Ең бастысы, «супер президенттік» басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін президенттік басқару ісі енгізіліп отыр.

Бұл ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты ұстанымы — халықтың үніне құлақ асатын, бір-біріне тәуелсіз атқарушы, заң шығарушы және сот билігін орнату. Бұндай жүйе өркениетті елдердің негізгі ұстанымында  да бар. Сондықтан да осы жалпыхалықтық референдум арқылы Ата Заңға өзгерістер енгізу болашағымыз үшін тарихи-саяси шешім болайын деп тұрғаны анық.

Бұл референдумда — жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіруді, жаңғыртуды және нығайтуды көздейді. Сондықтан  ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай, жанашырлықпен қатысу — әрбір азаматтың басты міндеті.

Қандай да ауқымды іс халықтың белсенділігімен бітетіні түсінікті. Осы тұста да келер айдың 5-і күні өтетін референдумға баршамыз ауызбіршілікпен қатысып, еліміздің кемел келешегі үшін атсалысуға міндеттіміз. Осы референдумды қолдап,  өз таңдауымызды білдірейік.

Елубай ТӨЛЕПБЕРГЕН,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,

референдум өткізу  жөніндегі аудандық қоғамдық штабтың төрағасы.