ТҮГЕЛ ҚАТЫСУ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ

РЕФЕРЕНДУМ — 2022

Ардагер ретінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 мамырдағы Үндеуінде Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын қуанышпен қабылдадым. Бұл шынында да халықтың талап-тілегі. Қазақстандағы мемлекеттік басқару ісіне баршамыз араласуымыз қажет. Еліміздегі саяси үдеріс түбегейлі демократиялануы тиіс. Бұл референдумның түпкі мақсаты осыған саяды. Өйткені, ел болашағына санаулы ғана топ емес, бәріміз де жауаптымыз. Ұсынылып отырған өзгерістердің барлығы да дерлік орынды.

Осыдан 27 жыл бұрын бүкілхалықтық референдум аясында Қазақстанның қазіргі Конституциясы қабылданғаны белгілі. Дәл осы Конституция еліміздің саяси, құқықтық, экономикалық даму жүйесінің негіздерін анықтады. Осы уақыт аралығында Конституциямызға Президент пен Парламенттің өкілеттіктері бойынша бес мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізілген екен.

Әлбетте, заң мен заман өзгермей тұрмайды. Референдумда көзделген өзгерістердің басты мақсаты — ел мүддесі. Сондықтан осы ортақ жауапкершіліктен шет қалмай, алдағы референдумға түгел қатысу азаматтық борышымыз.

Бағжан ЖОЛАМАНОВ, еңбек ардагері.