ОЙ-ПІКІРЛЕР АЙТЫЛЫП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша  Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, облыс әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Ж.Нұршиннің төрағалығымен аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің, білім беру ұйымдарының басшылары және аудандардан келген аталған комиссияның хатшыларының қатысуымен облыстық семинар-кеңесі өтті.

Күн тәртібінде «Ақтөбе облысында Балалар жылының жүзеге асырылуы туралы», «Аз қамтылған отбасылардың балалары мен мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау шаралары», «Балаларға бағытталған әлеуметтік жастар жобалары туралы» және  «Шалқар ауданында  кәмелетке толмағандардың  істері, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету шаралары негізінде атқарылған  жұмыстары туралы» мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары  Д.Жаманбаева, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Бисенғалиева, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Нұрғалиев және аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы В.Шектібаева баяндама жасады.