РЕФЕРЕНДУМ МӘН-МАҚСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Алда елімізде өтетін бүкілхалықтық референдумды халық арасында түсіндіруді мақсат еткен ақпараттық штаб мүшелері, еңбек ардагері Елубай Төлепберген және Марғұлан Ермекбаев, Қанат Төлешов «Ұлы Борсық» КМК ұжымымен кездесіп, онда Қазақстан Республикасы Конституциясының  33 бапқа енгізілетін түзетулер мен өзгерістер (31-бап және жаңа 2-баппен толықтыру) жайы баяндалды. Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, штаб мүшелері оларға нақты жауаптарын берді. Өз кезегінде мекеме қызметкерлері референдум туралы ойларын айтып, өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар, штаб мүшелері №8 жол дистанциясы мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Аталған түсіндіруші топ Президент ұсынған реформалар туралы бұл жерде де ақпараттар берді.

Штаб мүшелері 15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай үлгілі жас отбасылардың қаламыздағы орталық саябаққа тал отырғызу акциясына қатысып, жастармен өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Конституция жобасын талқылады. Олар реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту, сонымен қатар, негізгі мақсаты — саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, Конституциялық реформа жасау екендігін айтты. Осы тұрғыда Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлестерін қосу үшін маусым айының 5 күні өтетін референдумға белсене атсалысуға шақырды.