ШАЛҚАРЛЫҚ ЖАСТАР — ЖҮЛДЕГЕР

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына — 30 жыл. Айбыны асқақ мереке қарсаңында облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты жастар ресурстық орталығы мен ҚР Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен өз елімнің патриотымын» атты жарыс өтті.

Отанымыздың саналы да белсенді патриоттарын тәрбиелеу, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға бағытталған шараға облысқа қарасты аудандар қатарында шалқарлық жастар да белсенділік танытты.

Екі күнге созылған сайыс бірнеше кезең бойынша өткізілді. Әскери бөлім аумағында жас жауынгерлер спорттық ойындар ойнап, әскердегі сарбаздардың бір күнімен танысып, гір көтеріп, қол күресіп, өзара бақ сынасты.

12  команда қатысқан жарыста шалқарлық жастар гір көтеруден І орын, қол күрестен ІІІ орынды қанжығасына байласа, эстафеталық сайыста үздік деп танылып, жалпы командалық есепте І орынды иеленді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімінің командирі, полковник М.Тұрдалиннің Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Аудандық жастар ресурстық орталығы