ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІЛДІ

5 мамыр күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция мүшесі Жарылғасын Шамбалаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген  Шалқар қаласының тұрғыны Уали Оразбаев қазіргі таңда отбасына кіретін табыстың аз екендігін, осыған байланысты тұрғын үйінің коммуналдық төлемі төленбей отырғанын айтып, көмек сұрады.   

Партияның аумақтық сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөніндегі жол картасында қайырымдылық қорлар, демеушілер арқылы қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау жоспарланған. Аудандық мәслихат депутаты өтініш білдірген тұрғынның үйіне барып, өз қаражаты есебінен тұрғын үйінің коммуналдық төлемін төледі, мәселе оң шешімін тапты.

«AMANAT» партиясының Шалқар аудандық филиалы.