АУМАҚТЫҚ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партияның аудандық филиалы жанынан аумақтық штаб құрылды. Партиялық штабтың құрамына ауданымыздағы «AMANAT» активтері кірді.

Бұл жұмысқа аудандық мәслихат хатшысы С.Бигеев, аудандық мәслихаттағы фракция депутаттары Ж.Шамбалаев, Ж.Былқайыр, С.Жоламанов, Г.Оралмаганбетова, Г.Махат, Ә.Оспанова, Е.Малаев, Қ.Оразалиев, Ж.Абденова, А.Тлеужанов, зиялы қауым өкілдері, аға буын өкілдері, білім саласының өкілдері, белсенді жастар атсалысады. Партия мүшелері Шалқар қаласында және шалғай елді мекендерде сайлаушылармен кездеседі.

Жиын барысында штабтың жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берілді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.