КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

   4 мамыр күні «AMANAT» партиясының Шалқар аудандық филиалы ғимаратында аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Жанкелді Былқайыр тұрғындарға қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй және мүгедектік алу мәселесін айтты.

Мәселен, қабылдауға келген Шілікті ауылының тұрғыны Айтолық Тастемірова баласының денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты емдік шараларын алуға ықпал жасауды сұрады. Мәслихат депутаты Ж. Былқайыр мүмкіндігінше көмек көрсетілетінін айтты.

«AMANAT» партиясының Шалқар аудандық филиалы.