САЯСИ ЖҮЙЕДЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні, еліміздің Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті.

Мемлекет басшысы алдымен партиядағы оң өзгерістерге тоқталды. Партияның жаңғыру жұмысынан нақты нәтиже көріп отырғанын айтып, жұмысты одан әрі де жалғастыруды тапсырды.

Съездің күн тәртібіндегі «Adal» партиясының «AMANAT» партиясымен бірігу жөніндегі шешім саяси жүйеге оң өзгерістер әкелмек. Себебі «Жаңа Қазақстанды» құру үшін елімізге шын жаны ашитын қоғамдық – саяси күштердің барлығы бірлесіп жұмыс жасаулары керек.

Сонымен қатар, еліміздегі Конституциялық реформаның мақсаты – елімізді саяси тұрғыдан одан әрі жан – жақты жаңғыртудың берік іргетасын қалау екенін айтты.

Президент Қасым – Жомарт Тоқаев бұған дейін де партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатыны туралы айтқан еді. Бүгінгі съезд барысында осы ұйғарымды жүзеге асырып, партия Төрағасы лауазымынан босап, партия қатарынан шықты.

Бірлесіп, «Жаңа Қазақстанды» құру, ашық, естуші мемлекет қалыптастыру жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Жарылғасын ШАМБАЛАЕВ,

Шалқар аудандық мәслихатының депутаты,

   «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы.