СПОРТШЫЛАР МЕРЕЙІМІЗДІ ӨСІРДІ

Қызылорда қаласында 17-23 жас аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада В.Н.Цеханович атындағы №1 спорт мектебінің түлектері, қазіргі таңда облыс орталығындағы Есет батыр атындағы мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері Дінислам Сағитжан мен Арсен Жұма Қазақстан чемпионы атынып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ Дінислам ҚР спорт шебері атағын алды. Ал 82 келі салмақ дәрежесіндегі жерлесіміз  Нұрхан Тілеубергенов осы сайыста қола жүлдегер атанды.  Ел мерейін асқақтатқан спортшыларымыз бен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз. 

Нұржан ШОЙҒАРИН, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы.