ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕГЕН ЖОЛДАУ

Жаңашыл істің лебі ескеннен одан тек қана жақсылықтар күтетініміз шындық. Қыстағы «Қаңтар қасіретінен» соң, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзгеше қадамдарға негізделген халыққа Жолдауы болады деген күнді көпшілік асыға күтті. Көктемнің алғашқы айының ортасына көзделген күнде жалпақ жұртқа үміт сыйлаған Жолдау болды деп айта аламыз. Мемлекет басшысының ендігі жерде қандай да істің сөз жүзінде қағаз бетіне қатталмай, іс жүзінде жүзеге асыратын кез келді деуі — алда үлкен тыңғылықты саяси реформалардың кезең-кезеңімен жасалатындығын сездірді. Құр мақтан мен жалған намысшылдықтың дәуірі келмеске кеткенін де меңзеді.

   Осы Жолдауда қолға қалам ұстап, барлық уақытта қоғам өміріне етене араласып жүрген журналистер қауымына да үлкен міндеттер жүктеліп отыр.

  —Президент осы Жолдауында: «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының елімізде, әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты өз көзқарасы болуы керек. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты», деді.

Расында да ұғынғанға БАҚ — билік пен халық арасындағы коммуникацияның арнасы.  Алайда халқымызда сөз қадірі, сөз киесі деген қасиетті ұғымдары бар. «Ұзын арқан, кең тұсау» деп, ізденбей бірлікке сызат түсіретін, қоғам санасын сан-саққа ұрындыратын негізсіз ақпарат ұсынудың ел алдындағы жауапкершілігі қатаң. Мемлекет басшысының осыған орай: «БАҚ қоғамның өзекті мәселелерін көтере алады және көтеруі керек. Бірақ, мұны үлкен азаматтық жауапкершілікпен жасау керек», деуі орынды.

Журналист — қоғам санасын көтеруге рухани әлемді байытуға себепкер болуы керек. Қалам қуаты, ішкі түйсігі осы жолға ғана арналғаны абзал. Бүгінгі Жолдаудан менің ұғынғаным осы.

Мұхтар МЫРЗАЛИН, аудандық «Шалқар» газетінің редакторы.

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕГЕН ЖОЛДАУ

Жаңашыл істің лебі ескеннен одан тек қана жақсылықтар күтетініміз шындық. Қыстағы «Қаңтар қасіретінен» соң, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзгеше қадамдарға негізделген халыққа Жолдауы болады деген күнді көпшілік асыға күтті. Көктемнің алғашқы айының ортасына көзделген күнде жалпақ жұртқа үміт сыйлаған Жолдау болды деп айта аламыз. Мемлекет басшысының ендігі жерде қандай да істің сөз жүзінде қағаз бетіне қатталмай, іс жүзінде жүзеге асыратын кез келді деуі — алда үлкен тыңғылықты саяси реформалардың кезең-кезеңімен жасалатындығын сездірді. Құр мақтан мен жалған намысшылдықтың дәуірі келмеске кеткенін де астарлап меңзеді.

   Осы Жолдауда қолға қалам ұстап, барлық уақытта қоғам өміріне етене араласып жүрген журналистер қауымына да үлкен міндеттер жүктеліп отыр.

  —Президент осы Жолдауында: «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының елімізде, әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты өз көзқарасы болуы керек. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты», деді.

  Расында да ұғынғанға БАҚ — билік пен халық арасындағы коммуникацияның арнасы.  Алайда халқымызда сөз қадірі, сөз киесі деген қасиетті ұғымдары бар. «Ұзын арқан, кең тұсау» деп бірлікке сызат түсіретін, қоғам санасын сан-саққа ұрындыратын негізсіз ақпарат ұсынудың ел алдындағы жауапкершілігі қатаң. Мемлекет басшысының осыған орай: «БАҚ қоғамның өзекті мәселелерін көтере алады және көтеруі керек. Бірақ, мұны үлкен азаматтық жауапкершілікпен жасау керек», деуі орынды.  

  Журналист — қоғам санасын көтеруге рухани әлемді байытуға себепкер болуы керек. Қалам қуаты, ішкі түйсігі осы жолға ғана арналуы керек. Бүгінгі Жолдаудан менің ұғынғаным осы.

Мұхтар МЫРЗАЛИН, аудандық «Шалқар» газетінің редакторы.

Posted Under