ЕЛ ҚАЗЫНАСЫН ЕСЕЛЕГЕН ҰЖЫМ

Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының тарихына қысқаша тоқталсам алғашқыда салық органы Қазақ ССР-ы Қаржы Министрлігі Ақтөбе облысы Шалқар аудандық Мемлекеттік салық инспекциясы болып 1990 жылы шілде айында ашылды. Мекеменің алғашқы бастығы болып Марат Мұңайтбасов тағайындалды.

2014 жылдың 26 қарашасынан бастап Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы болды. Бұдан кейінгі жылдары мекемені Жұмағазы Жұмабаев, Мақсат Әлібеков, Нұржан Тоғанас басқарып, оның өр-кендеуіне қал-қадірінше өз үлестерін қосты.

2019 жылдың шілде айынан бастап бас-қарма басшысы болып  қызмет істеп келемін, мекеме жұмысының көрсеткіші жаман емес, соның дәлелі, осы жылғы мереке қарсаңында «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталдым. Бұның барлығы ұжымымыздың ауызбіршілікпен атқарған еңбегі-нің жемісі деп білемін.

Енді аудандық мемлекеттік кірістер бас-қармасының қызметін айтар болсам, ол екі бөлімнен тұрады: біріншісі, салық төлеушілермен жұмыс бөлімі; екіншісі салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімі. Салық органының міндеттері салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін мәжбүрлеп өндіріп алуға, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, салық төлеушіге әкімшілік айыппұлдар салуға міндетті. Мекеменің бүгінгі заман талабына сай атқарып отырған мақсаттарына келер болсақ, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Салық Кодексінде белгіленген талаптарға сай жұмыс жасайды. Салық төлеушінің құқықтарын сақтауға және мемлекеттік мүдделерін қорғауға мүдделі.

Мемлекеттік кірістер органдарымен 44 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінде салық төлеуші үйінен шықпай-ақ салық саласындағы қызметтерді электронды түрде ала алады. Барлық салық төлеушілерге басқарманың әлеуметтік желісі арқылы түсінік жұмыстары үнемі жүргізілуде. Тағы бір қуантарлығы, осы жылдың қараша айынан бастап басқарма заман талабына сай жөнделген ғимаратқа көшірілді.

Аудандық бюджетке болжанған болжам жыл сайын артығымен орындалуда. Мысалы, 2019 жылы 2952363,5 мың теңге болжанған болса, оның 3190907,7 мың теңгесі орындалып, артығымен 238544,2 мың теңге бюджетке өндірілді. Сондай-ақ, 2020 жылы 2946838,0 мың теңге болжанған болса, оның 3119483,0 мың теңгесі орындалып, артығымен 372645,2 мың теңге бюджетке өндірілді.

Ағымдағы жылы болжанған жоспар ойдағыдай орындалады деп күтілуде. Салық салу базасын ұлғайту және қосымша резервтер табу жоспарына сәйкес, 2020 жылы 93000,0 мың теңге жоспар сомасы 93241,3 мың теңгеге орындалды. Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 айына 58340,0 мың теңге жоспарланып, жоспар 58472,5 мың теңгеге орындалды.

Салық төлеушілерге айтарым, қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер комитетімен «Е-салық Азамат» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілді. Бұл қосымшаның ерекшелігі әрі сапалы, әрі қол жетімділігі. Қосымшада салық төлеушілер есептелген салық сомаларын көре алады және сол жерде төлей алады. Сонымен қатар, қате немесе артық төлеген салық сомаларын есепке жатқызу немесе қайтару жөнінде өтініш жолдай алады. Сол сияқты көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Осы қосымшаны телефонға жүктеп алуға болады.

Кәсіби мереке тұсында осы салада еңбек еткен ардагерлеріміздің және басқа салаға ауысып табысты қызметтер атқарып жүрген азаматтардың есімдерін атап өтуді жөн көрдім, олар: Б.Қарабалин, А.Қоқаманов, Р.Юсупова, Қ.Нұрпейісова, Н.Қуатбаев, С. Ерубаев, Қ.Ақшолақов, О.Өтегенов, М.Сартов, И.Әспенов, К.Сағын, А.Джусупов, Т.Жұмабаев, Ж.Қалмұханов, Л.Сүйеубаева, Ж.Сыдықова, А.Аманова, Т.Сансызбаев, Р.Мырзагелдина, Р.Сүлейменова, Г.Уразалиева, Н.Тоғанас, А.Жұмабаев, И.Дүйсенәлі, А.Қорқытұлы, С.Баймұрат, Д.Сәбитова, М.Әлібеков, Н.Сарбасова, Б.Мұқанова, Г.Абдулова, мекеме іс қағазын жүргізуші Ш.Тұңғатарова, кіші қызметкер А.Мырзабекова, Қ.Сүлейменовалар…

Бүгінгі күні басқармамызда штат кестесі бойынша 10, штаттан тыс 2 қызметкер табысты еңбек етіп келеді. Олардың барлығы жоғары білімді. Оның ішінде салық саласының майталманы Ш.Сүгіралина, болашағынан үміт күттірер жас мамандар С.Айымбетова, Е.Қуанышев, А.Бақтыбаев, Н.Шерматов, С.Аяповтар бар. Осындай қатарымызды толтырып келе жатқан жас кадрларға салық саласы жұмысының қыр-сырын үйретіп келе жатқан Ш.Сүгіралина, Б.Сүлейменова, Б.Садықова, Г.Шәріпова сынды тәжірибелі мамандардың және штаттан тыс қызмет көрсететін Ж.Алдиярова мен К.Нойышованы атап көрсеткен орынды.

 Осы келіп жеткен қаржыгерлер күнімен ауданымызда аталған сала бойынша еңбек етіп жүрген қызметкерлерді, ардагерлерімізді шын жүректен құттықтаймын, оларға мықты денсаулық, табысты еңбек тілеймін.

Нұрсәуле ҚОБЛАШЕВА,

Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.