МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРДЫҢ ӨЛКЕМІЗГЕ САПАРЫ

Ақтөбе облысы бойынша Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дилрух Шәріпов және  облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Дәулетияр Тоғызбаев жұмыс сапарымен ауданымызда болды.  Инспектор алдымен Шетырғыз ауылдық округіне аяқ басып, Қаратоғай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты. Ондағы орта мектеп ғимаратын аралап көріп, жаңа оқу жылында дәстүрлі форматпен оқуға кіріскен мектеп ұжымымен пікірлесті. Және аудан орталығындағы №6 орта мектебінде де болды. Осы айдағы ел Президентінің халыққа арнаған Жолдауындағы білім саласын дамытудағы басымдықтар туралы айтып, мектеп ұжымдарына қиындықтарға мойымай, күш-жігермен еңбек етуге шақырды.

Сонымен бірге, қаламыздағы «Тuz-Em» тұз шахтасында, «Анаға тағзым» орталығында, «Аlbatyr» кондитерлік цехында болды. Қала көшелерінің жөндеу жұмыстарын, №1 жылу беру қазандығын қарады. Бершүгір ауылдық округіндегі атқарылып жатқан  жұмыстармен   танысты.

Инспектор өзінің аудандағы іс-сапарында қысқа дайындық, кәсіпкерлік нысандарының нәтижелі жұмыстары, көшелердің абаттандырылуы т.б. жасалып жатқан істерге оң бағасын берді.