ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

Тоғызыншы сессиясында аудан әкімі Жанболат Жидехановтың депутаттарға берген жартыжылдық есебінде әр салада жетістіктердің бар екені мәлім болды.

Мемлекет басшысының, ҚР Үкіметінің, облыс әкімдігінің тапсырмаларын  орындауға  және  «NurOtan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталып отыр.

Өткен жылдың қорытындысымен ауданда белгіленген негізгі экономикалық көрсеткіштер мен бағдарламалар бойынша негізінен тұрақты даму қалыптастырылды.

Ауданның   2020 жылдың 6 айындағы  әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы төмендегідей. Аудан   бюджетінің есепті мерзімдегі  нақтыланған шығыстар жоспары  5925,9 млн.теңгені құрап, 100 пайызға орындалды. Оның ішінде, 4447,8 млн.теңге республикалық және облыстық бюджеттерден берілген трансферттер. Атап айтқанда, биылғы жылы елімізде жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар  мен  жобалар аясында   Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттен:  7 елді мекеннің су желілерін  қайта жарақтауға, 2 елді мекеннің су желілерінің құрылысын аяқтауға, 1 елді мекеннің кәріз желілерін қайта жарақтау жұмыстарын аяқтауға, 2 мектеп құрылысын аяқтауға және 1 мектепті күрделі жөндеуге, 1 медицина мекемесінің құрылысына және 1 ФАП –ті күрделі жөндеуге, 2 елді мекеннің көшесін орташа жөндеуге қаржы бөлініп отыр.

Сонымен қатар,  аудандық бюджеттен  1 ауылдық клуб құрылысын, 2 қабатты арендалық коммуналдық тұрғын үй құрылысын аяқтауға, қаланың 5 көшесін жөндеуге т.б жобаларға қаржы  бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бюджетінің кірістер жоспары 129,8  пайызға  орындалып, 1876,4 млн.теңге салықтар мен төлемдер түсті  немесе жоспардан артық 430,8 млн.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 113,2% немесе  219,2 млн.теңгеге артық.

Еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ету мақсатында саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім саласын дамыту қашанда кезек күттірмейді.  Биылғы жылдан бастап облыс  бюджетінен қаржыландырылып отырған білім саласында 2000-ға жуық педагог-қызметкерлер,  35 мектеп, 28 балабақша,  мектептен тыс мекемелерде балаларға білім мен тәрбие беріп келеді.  Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 3-6 жас аралығында 100 пайыз, 1-6 жас аралығында  86,0 пайызды құрап отыр. Әрбір бала дұрыс білім алуы үшін білім беру мекемелері қазіргі заман талабына сай  болуы тиіс.

Осыған орай,  оларды кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өткізу, материалдық техникалық базасын ұлғайту жұмыстары тұрақты жасалуда. Өткен жылы 5 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  2  мектеп құрылысы  басталды.  Биылғы жылы  да  «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында осы мектептердің құрылысы жалғасуда және «Ауыл –Ел бесігі» жобасы аясында Бегімбет ауылындағы Б.Сүлейменов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған Бозой  орта мектебі ғимаратына жүргізілген техникалық сараптама бойынша апат жағдайында деп танылып,  жаңа мектеп құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Мәдениет және спорт саласында  даталы күндерге арналған жоспарлы іс-шаралары қазіргі шектеу шаралары сақталып өткізілуде.  Бұқаралық спортпен айналысушы тұрғындардың үлесі 36,8 пайызды  құрады. Биылғы жылы Тоғыз елді мекенінен жаңа клуб салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Шалқар қаласынан дене шынықтыру сауықтыру кешені мен ангар типтес спорт кешенінің, Қауылжыр, Мөңке би ауылдарынан ауылдық клуб құрылысын салуға  жобалық  құжаттары  дайындалуда.  Сонымен қатар, тірек ауылдарынан кезең-кезеңімен демеушілер есебінен жобалық құжаттарын дайындап, ангар типтес спорт кешендерін салу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласында  оң демографиялық көрсеткіштер қалыптасты.  Қайтыс болғандардың    өсімі  байқалғанмен, туғандардың есебінен табиғи өсім  оң көрсеткішті көрсетіп отыр.

 1 жасқа  дейінгі  балалар  өлімі   42,9 пайызға  көбейсе,    туберкулезбен науқастану   25,0 пайызға  азайып  отыр. Ана өлімі тіркелмеген.

Тірек және спутниктік, стратегиялық ауылдық елді мекендерді өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестендіру мақсатында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында республикалық және облыстық бюджет қаржысына Жылтыр ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысы және «Nur Otan» партиясының  сайлауалды  бағдарламасын  жүзеге  асыру  Жол  картасы бойынша облыстық бюджет есебінен  Байқадам фельдшерлік  амбулаториялық  пунктіне  күрделі жөндеу жүргізілуде.

Тұрғындарды әлеуметтік  қорғау  және жұмыссыздықты азайту бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Табысы төмен деп саналған  134 отбасының 708 мүшесіне 23,9 млн.теңге атаулы әлеуметтік көмек, 168 отбасына  2,5 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленсе, 173 балаға 5,8 млн.теңгенің кепілдендірілген пакеттері берілген.

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы ұлттық қордан бөлінген 25,0 млн.теңге қаржыға Шалқар қаласынан 8 көп балалы отбасыларға  пәтер сатып алынды. Және аудандық бюджеттің қаржысына 4 пәтер алынуда.

Есепті мерзімде  ауданда    1283  тұрақты және уақытша жаңа жұмыс орындары ашылды,  бос тұрақты  жұмыс  орындарына   1137 адам орналасқан.

Ақылы қоғамдық  жұмысқа  550 адам, әлеуметтік жұмысқа  188 адам, жастар практикасына  98 адам   жіберілді.  Тіркелген жұмыссыздық деңгейі  2,5 пайыз құрап, өткен жылғы деңгейден 0,8 –ге азайды. Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан түрлі әлеуметтік қолдауларды біздің аудан тұрғындары да пайдалануда.  Жұмыссыздықты азайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан«Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бағдарламасы аясында  2 мектеп құрылысына  17 адам жұмысқа тартылды.

«Еңбек»  бағдарламасы  аясында     биылғы  жылға    аудан тұрғындарына  110,0  млн.теңге несие беру жоспарланып,  109 адам кәсібін ашуға және кеңейтуге шағын несие алуға жолдама алып,  есепті кезеңге   24   адам   84,9  млн.теңге несие алса,      қайтарылған қаражат есебінен  36 адам 133,0 млн.теңге несие алып, 60  жаңа жұмыс орындары ашылды.

 «Бизнестің жол картасы-2025»  бағдарламасының  негізгі бағыты бойынша 18 жоба жоспарланса, есепті кезеңде 7 жоба жүзеге асырылды (субсидиялау бойынша 4 жоба-742,9 млн.теңге,  кепілдендіру бойынша  3 жоба- 56,9 млн.теңге). 

Бағдарламаның портфельді бағыты бойынша 53 жоба жоспарланса, есепті кезеңде 27 жоба бойынша несие алынды. (субсидиялау бойынша 5 жоба-22,6 млн.теңге, кепілдендіру бойынша  22 жоба -75,1 млн.теңге).

«Қарапайым заттар экономикасы»  бойынша  4 жоба жоспарланып, Шалқар қаласындағы «Нұрбота» ЖШС 10,0 млн.теңгеге балабақша ауласын абаттандыру жобасы мақұлданды және ауыл шаруашылығы бойынша 4 қожалықтың құжаттары дайын.(Қаржыландыру болмағандықтан, тоқтап тұр)

2021 жылдың  1  шілдесіне  тіркелген кәсіпкерлік субьектілері  саны  2460–қа  жетті, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны- 2237,  өткен  жылдың  сәйкес кезеңімен    салыстырғанда  тиісінше    115,0; 106,8  пайызды құрады.

Ауданның  негізгі маманданған саласы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы болғандықтан, осы саланы дамыту басты назарға алынуда.   Жалпы  ауданда  мал  басының  барлық түрінен  де, олардың  өнімдерінен  де өсім  бар. 

Ауданда барлығы 21 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері жұмыс жасаса, оның 7-і биылғы жылы құрылды.

Биылғы жылға  «Сыбаға»  бағдарламасы  бойынша  1200 бас МІҚ, 3100 бас қой  алу жоспарланса, есепті кезеңде 346 бас МІҚ, 562 бас қой алынған.

Ағымдағы жылы «Әділ-Жан-Би-Әлібек» шаруа қожалығы құны 25,0 млн.теңгені құрайтын, қуаттылығы  жылына  30 тн  мал өнімдерін өңдейтін цех құрылысын аяқтап, іске қосты. Аталған цехта еттен дайындалатын жартылай фабрикаттар өндіріліп, сауда дүкендерінде сатылуда.

«Баубек» шаруа қожалығы құны 45,0 млн.теңгені құрайтын қымызхана ашып, тұрғындарды  саумалмен және ашытылған қымызбен  қамтамасыз етуде.

Машина трактор паркін жаңарту бойынша ауданға 13 бірлік трактор және 36 бірлік мал азығын дайындайтын техникалар сатып алу тапсырмасы беріліп, есепті  кезеңде 5 трактор  және  8 мал азығын дайындайтын техникалар сатып алынды.  Сонымен  қатар 6 қожалықтың 6 трактор және 15 мал азығын дайындайтын техникалар алуға құжаттары мақұлданған.

Мал жайылымдарын суландыру мақсатында 20 бірлік ұңғыма қазуға тапсырма берілсе, 1-жартыжылдықта 41 ұңғыма қазылды.

Мал  бордақылау  алаңдарына  2200 бас бұқашық өткізу тапсырмасы 2,8 пайызға орындалып, 63 бас бұқашық өткізілді.

Мал шаруашылығын цифрландыру бойынша 12 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 22 GPS трекер құрылғысын жылқы малына қондырды.

Тұрғындарды өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету мақсатында шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындар биылғы жылы  560  га жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын екті. Бұл өткен жылдан 28 гектарға артық.

Жалпы, есепті мерзімде негізгі экономикалық көрсеткіштердің барлық түрінен де  бойынша өсім байқалады.  Есепті мерзімде  өнеркәсіптік  өнім өндіру көлемінің нақты көлем индексі   өткен жылдың  сәйкес   кезеңімен салыстырғанда  40,6 пайызға, оның ішінде жалпы өнеркәсіп  өнімінің  57,4  пайызын  құрайтын   тау-кен өндірісінде  60,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 19,8 пайызға өсіп отыр. 

Ауданда теміржол және газ мекемелері тарапынан құрылыс және жөндеу жұмыстарының жүргізілуі,  жеке тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлік нысандарының  салынуы  арқылы  жалпы құрылыс жұмыстарының 73,2 пайызға және негізгі қорға тартылған инвестиция көлемінің 44,6 пайызға  көбеюіне қол жеткізілді. Жеке тұрғындар есебінен  14127 шаршы метрді құрайтын  90  тұрғын үй,  688 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты 8 пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үй,  жалпы алаңы 2193,7 шаршы метрді құрайтын  9 кәсіпкерлік нысаны қабылданды. Сонымен қатар, қаланың  Биекенов көшесі бойынан 16 пәтерлік 3 тұрғын үй және 8 пәтерлік 3 тұрғын үй құрылысын және сыртқы инженерлік желілерін салуға жобалық құжаттары дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Шілікті көшесіндегі 5 қабатты 1 үйді қайта жарақтауға жобалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өтуде.

Бөлшек сауда айналымы  8,5 пайызға өскен.  Қай уақытта да тұрғындардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін, өзекті мәселенің бірі бұл- баға мәселесі. Аудан әкімдігі Үкімет белгілеген қажетті 19 түрлі тауар түрлерінің бағасына  10 пайыздан  артық  қосылмауына жұмыс жүргізіп келеді. Дегенмен, кейбір сауда орындарында қымбаттаудың орын алғаны жасырын емес.  Баға мәселесі қатаң бақылауда. Ауданда осы мақсатта  арнайы топтар құрылып, жұмыс жасауда. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері  ұйымдастырылып,  ет өнімдері  базар  бағасынан  10-15 пайызға  арзан  сатылуда.

Елді мекендерді инженерлік инфрақұрылыммен қамту барысында   кезең-кезеңімен  жұмыстар атқарылып келеді. 

Бүгінгі таңда 1 қала және 32 елді мекеннің 11-і көгілдір отын пайдалануда, бұл жалпы халық санының 85,1% немесе 39,0 мың адамды құрайды.

Орталықтандырылған ауыз сумен қала және 27 ауылдық елді мекен қамтамасыз етілген. Бұл жалпы халық санының 98,6 % немесе 45,3 мың адамды құрайды. Өткен жылы басталған Мөңке би ауылының және М.Шманұлы ауылының су желілерінің құрылыстары ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Аудандық бюджет қаржысына су желісімен қамтылмаған  1  елді мекенге кешенді блок модуль қоюға қажетті қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ұлттық қордың,  республикалық бюджеттің қаржысына  су желілерін қайта жарақтау бойынша 7 елді мекенді (Ақтан батыр, Қайдауыл, Жылан, Көпмола, Кеңдала, Тоғыз, Шілікті) қамтыған 3 жоба жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған Бозой ауылының кәріз желілерін қайта жарақтау жұмыстары «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында жалғасын тауып, биылғы жылы аяқталады деп күтілуде және осы ауылдың ақаба желісіне сүзгі алаңы салынады. Шалқар қаласынан және Бегімбет ауылынан кәріздік тазарту ғимаратын салуға жобалық құжаттары дайындалуда.

Жергілікті маңыздағы, қалаішілік, ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп ұстау жұмыстары жалғасын тауып келеді. Шалқар-Бозой бағытындағы автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Аудандық бюджет қаржысына қаланың 5 көшесінің жолы күрделі, орташа жөндеуден өткізілуде және былтыр басталған Резванов көшесінің жөндеу жұмысы аяқталады. 

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Бегімбет ауылының 1 көшесі және «Nur Otan» партиясының  сайлауалды  бағдарламасын  жүзеге  асыру  Жол  картасы бойынша Қауылжыр ауылының 1 көшесі орташа жөндеуден өтеді. Осы Жол картасы бойынша Жомарт және М.Шманұлына баратын автокөлік жолдарын күрделі жөндеуге жобалық құжаттары дайындалып, аудандық бюджеттен мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді. Жалпы қаржысы облыстық бюджеттен бөлінеді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, қаланың 17 көшесінің  және 7 ауылдың кіреберіс жолдарын жөндеуге жобалық құжаттары жасалып, сараптама қорытындылары алынуда.

Жерді пайдалану бойынша  қаладан және елді мекендер аумағынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін алып, 3 жылға дейін пайдаланбай отырған жер иелеріне анықтау жұмыстары жүргізіліп, жер учаскелерін қайтарып алу жұмыстары жүргізілуде. Маусым айындағы комиссия шешімімен    20 жер учаскесі пайдаланбағаны үшін қайтарылып алынды.  Және  кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады. 

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден 891 учаске, яғни 244,3 мың га жер конкурс арқылы табысталды.  6 қожалықтың пайдаланылмай тұрған  31,1 мың га жер учаскесі  ауданның босалқы қорына қайтарылды. 

Кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдері бойынша көлемі 0,06 га болатын 2 жер учаскесі электронды түрде  аукцион арқылы сатылып, 65,9 мың  қаржы бюджетке түсірілді. Сонымен бірге аукцион арқылы сатылатын 230 жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы жасалуда. Жалпы, есепті кезеңде жер иеленушілерге жер учаскелерін сатудан 12,3 млн.теңге қаржы түсірілді.

Осы уақытқа дейін 654 жер пайдаланушыға жалға берілген 778 жер учаскесі тіркелген. Жылдың қай мезгілінде де қала және елді мекендердің санитарлық  тазалық  жағдайы  басты назарда ұсталынуы қажет.

Көктем айларында   санитарлық тазалау, абаттандыру және жасыл желектендіру мақсатында  2 айлық өткізіліп,  10 сенбілік  өткізілді, 2726 адам және  28 техника  жұмылдырылды. Абаттандыру,  тазалық Ережесін бұзған 75 заңды және жеке тұлғаларға 553,4 мың теңге айыппұл салынып, 67 тұлғаға ескертулер жасалды.

2021 жылы 3602  түп көшеттер отырғызылды. Сонымен бірге, қала аумағына 2021-2025 жылдары 100 га жасыл аймақ құру жоспарына сәйкес, биылғы жылы 20 га жерге 24,0 мың түп сексеуіл және Жылтыр ауылының жасыл аймақ аумағына 1,0 мың түп жүзгін, 1,0 мың түп қарағаш отырғызылды. Жазғы  демалыс  кезінде егілген талдарды күтіп-баптауға және тазалықты қамтамасыз етуге  «Жасыл ел»  көгалдандыру жасақтарында  студенттер мен аз қамтылған отбасыларының балалары  жұмысқа тартылды.

Үстіміздегі жылы қанша жылдан бері проблемалық мәселелер қатарынан түспей, Үкімет деңгейіне дейін көтерілген Шалқар көлін тазарту жұмыстары қолға алынып, республикалық бюджет қаржысына көл табанын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша аудандық полиция бөлімімен криминалдық ахуалды жақсарту, қылмыстың алдын алу, болған қылмыстарды дер кезінде ашу, аудан тұрғындарының бостандықтары мен конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында шаралар алынуда.

Полиция бөлімінің статистикасына сәйкес,  бірінші жартыжылдықта   барлық тіркелген қылмыстың саны -66, өткен жылмен салыстырғанда  25,0  пайызға  азайды.  Жалпы қылмыстың ашылуы 89,4 пайыз. Аудандағы діни ахуал тұрақты.

Ауданда жүргізілген,  жоғарыда аталған  әрбір  жұмыс аудан басшылығы тарапынан  жоғарғы органдардың алдына қойылған  ұсыныстардың, аудан әкімдігі мен бөлімдердің, тиісті мемлекеттік мекемелер  қызметкерлерінің  жасаған еңбектерінің, ұйымдастырушылық қызметтерінің нәтижесінде жүзеге асып келеді.