ТҮЛЕКТЕР ОЙЫН АЛАҢЫН ТАРТУ ЕТТІ

Жарық дүние есігін ашқан әр бала ойын арқылы есейеді. Ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамытатын, қиялына қанат бітіретін қызықты ойындар балаларға кішкентай кезінен бастап қоғаммен араласуды үйретеді және татулыққа тәр-биелейді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Түлек kz» бағдарламасы аясында қаламыздағы №6 орта мектебінде осы білім ордасының 1995-1996 оқу жылындағы түлектердің демеушілігімен бүлдіршіндерге арналған ойын алаңының ашылу рәсімі болды.
Оған қала әкімі Т.Төлегенов, ауданның білім бөлімінің әдіскері Ғ.Дәнекеров қатыстып, ардагер-ұстаздар Б.Жоламанов пен Ш.Ертанасовалар жаңа алаңның лентасын қиды.
Осы іске ұйытқы болған барша түлектерге мектеп директоры Ж.Мусин  ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Өнерпаз Айзере Тойболат алаң ортасында әнін әуелетіп, қуанышты сәтті әсерлей түсті

С. Шуйншалина, ұйымдастырушы педагог.