ЖҰМАБАЙ «БИБЛИОSTAR» ЖЕҢІМПАЗЫ

Кітап — білім қазыналарының кілті. Адамның білімі мен ой-өрісін дамытуын, сезіну және ойлау қабілетін арттыратын құрал. Кітапханалар білім беру және оқытудың ең үлкен қолдаушысы және өмірдің ажырамайтын бір бөлігі. Ел болашағының атар таңы — бүінгі жастарды кітап оқуға ынталандыру керек. Ата-бабаларымыздың кітап және кітапханаларға көп мән бергені тарихтағы іздерінен көрініп тұр. ХХІ ғасыр мәдениет, ғылым мен білімнің ғасыры. «Бар білімнің қайнар көзі — кітапхана» деп Елбасымыз айтқандай, әрбір адамзат рухани тәрбиенің негізін кітапханадан алары сөзсіз.
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «БИБЛИОSTAR» атты кітапханашы мамандар арасындағы облыстық кәсіби-шығармашылық байқаудың қортындысын жарияланды. Мақсаты — кітапханашы мамандардың имиджін көтеру, олардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, соңғы үлгідегі технологияны кітапхана саласында пайдалану, кәсіби білімін қайта толықтыруына жол ашты. Байқау шарттары екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең қызық қазына, бұл кезеңде кітапханашылар 2007-2020 жылдар аралығында «Оқитын өлке» немесе «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында таңдалған шығармаларды насихаттап, қызықты етіп бейнеролик жасауы керек болатын.
Байқауға 25 қатысушы аталмыш авторлардың шығармаларына бейне презентация дайындап, екінші кезеңге іріктеліп алынды. Бұл кезең «Кітапханашы білу керек…» деп аталды. Қатысушыларға ZOOM платформасы арқылы кітапхана ісі бойынша және ситуациялық сұрақтар қойылды. Қатысушылар бұл кезең бойынша өздерінің білімдері мен тығырықтан шығу жолдарын көрсетті. Қойылған ситуациялық сұрақтарға ұтымды жауаптар беруге тырысты. Осы кезеңнен өткен байқау үміткерлеріне әділ қазылардың шешімімен үшінші кезең ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар өзі таңдаған шығармадағы бір кейіпкердің образын сомдап шығуы керек болды. Алдыңғы кезеңдерден топ жарып шыққан 8 қатысушы 3-ші кезеңде бақтарын сынады. Нәтижесінде бірінші орынды Тоғыз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жұмабай Әбішев жеңіп алды.
Кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы келген қонақтарға, байқауға қатысушы кітапхана мамандарына жылы лебізін білдірді.

Лаура Ерікқызы, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.