ЖӘРДЕМАҚЫҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №534 бұйрығын орындау мақсатында, халықпен тікелей байланыс болдырмау және жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың жаппай жиналуының алдын алу үшін төртінші тоқсанға ақпараттық жүйеде АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушының келуінсіз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға автоматты түрде өтініш қалыптастырылады. Автоматты өтініш 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатындарға 2020 жылғы 4-тоқсанның табысын есепке ала отырып, қалыптастырылады.
Бұған дейін АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алуышларына төтенше жағдай мен шектеу шараларының себебінен екінші және үшінші тоқсандарда көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылған болатын.
АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) өтінімдерін жаңарту кезінде кірістердің белгілі бір түрлері ескерілмейді, олар:
-бірыңғай жиынтық төлем төлеуге байланысты тәуелсіз жұмыскерлердің 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі табысы;
-төтенше жағлдай әрекет кезеңінде қызметінің шектеулеріне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
-төтенше жағдай әрекеті кезеңінде азық-түлік тұрмыстық жинақтарды сатып алуға бөлінген ақшалай қаражаттар;
-төтенше жағдай әрекеті кезеңінде коммуналдық шығындарды өтеу үшін берілген өтемақы.
Жаңадан өтініш қабылдау қалыпты жағдайда жүзеге асырылады. Бірінші рет жүгінген кезде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында қажетті деректерді тексереді. Сонымен бірге учаскелік комиссиялар АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) тағайындауға өтініш берушілерге мессенджерлер арқылы сауалнама жүргізеді, барып тексеріс өткізбейді.
АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының әрбір мүшесі үшін аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалатынын еске саламыз және атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы мен отбасының жан басына шаққандағы кірісінің айырмашылығы ретінде тағайындалады.
Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылдың 1-тоқсанына күнкөріс деңгейінің мөлшері- 30 858 теңгені құраса, кедейшілік шегі- 21 601 теңгені құрайды.

А. Самат,
Шалқар ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы консультанты.