ШАЛҚАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 4 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ №352 ӨКІМІМЕН «ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ — 2020» АТАҒЫМЕН ТӨМЕНДЕГІ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

  1. Әлмұрат Қуанышбай Айтоғызұлы, аудан ардагері — Еріктілер қозғалысына атсалысып, волонтерлық жұмыстарда белсенділік танытып, көптеген жастарға үлгі тұтарлық еңбегі үшін
  2. Бимаханов Ерболат Төреханұлы, «Таза Қала Шалқар» ЖШС директоры — Шалқар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, оны көріктендіру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізудегі еңбегі үшін
  3. Бисеков Нұрбек Жантөреұлы, Мөңке би ауылдық округі әкімі — Мөңке би ауылдық округінің тұрақтылығына, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда қосқан үлесі және «Туған жерге тағызым» акциясын жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін
    4.Жақыпова Мирамкул Мәмбетқызы, жеке кәсіпкер — қайырымдылық шарасына белсенді қатысқаны және аудандағы қоғамдық маңызды іс-шараларды өткізуге белсене қатысқаны үшін
  4. Жұқатаева Жадыра Жиенғазықызы, «Шалқар аграрлық-техникалық колледж» КММ оқу-ісі жөніндегі орынбасары — өскелең ұрпақ колледж студенттеріне патриоттық тәрбие беру, шығармашылық жетістіктерге тартудағы жүргізіп отырған жұмыстары үшін
  5. Керімова Орынгүл Кәрібайқызы, Шалқар аудандық орталық аурухананың оташы бөлімінің аға медбикесі — аудандағы салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, пандемия кезінде емдеу профилактикасын қамтудағы тиімді іс-қимылына косқан зор үлесі үшін
  6. Мұқан Марина Қапанқызы, «Жаңақоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы — Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісіне тән парасаттылық, адалдық, өзара түсіністік, кәсіби шеберлікпен қызмет еткені үшін
  7. Мырзабек Жанар Серікбайқызы, «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі — ауданда жұмыссыздықты азайту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға белсене араласып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жасағаны үшін
  8. Оразаев Дастан Нағашыбайұлы, ішкі істер саласының ардагері — пандемия кезінде қоғамдық тәртіп пен заңдылықты нығайтудағы, ұйымдастырушылық және практикалық шараларды жүзеге асырудағы белсенді еңбегі үшін 10. Орынбасар Қазыбек Ідіріс-ұлы, Шалқар байланыс және белгі беру дистанциясының аға механигі — Тоғыз ауылдық округінде мәдениет нысанының бой көтеруіне, өндіріс саласындағы қол жеткізген жетістіктері үшін және аудандағы қоғамдық-маңызды іс-шараларды өткізуге белсене қатысқаны үшін 11. Төлеубаев Дәулетжан Бақытжанұлы, «Шалқар аудандық Көркемсурет лицейі» МКҚК директоры — оқушыларға патриоттық тәрбие беру, шығармашылық жетістіктерге тартудағы жүргізіп отырған жұмыстары үшін
  9. Утегенов Тайбек Аманжолұлы, жеке кәсіпкер — қайырымдылық шараларына және аудандағы қоғамдық-маңызды іс-шараларды өткізуге белсене қатысқаны үшін 13. Шалабаева Айгүл Қуанышқалиқызы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры — оқушыларға сапалы білім мен тәрбие берудегі үлесі және аудандағы қоғамдық-маңызды іс-шараларды өткізуге белсене қатысқаны үшін.