Қайырымдылық керуені

Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы 2020 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры және «Хабар» агенттігімен бірлесе отырып, пилоттық жоба — «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурс акциясын (бұдан әрі Конкурс) бастады.
Конкурсты өткізудің мақсаты қайырымдылық жасауға, белсенді азаматтық бастамалар идеяларын насихаттауға және Қазақстанда қайырымдылық жасаудың аясын кеңейтуге бағытталған. Конкурс 5 түрлі номинация бойынша өткізіледі:
1.«Асар» номинациясы. Аталған номинация халықтың салт-дәстүрі бойынша қайырымдылық көрсеткен азаматтарға арналған.

  1. «Туған жер» номинациясы. Бұл номинацияға өзінің туған жерін абаттандырып, білім мен экология саласында көмек көрсетіп, мәдени нысандарды қалпына келтіруге атсалыс-қан азаматтар қатыса алады.
  2. «Батыл жүрек» номинациясы. Бұл номинация батылдығы мен және қайырымдылығымен ерекшеленген қатысушыларға арналған.
  3. «Мейірім жолында» номинациясы. Игі істердің қасынан тұрақты түрде табылатын, айналасындағыларға көмегін аямайтын ерікті жандар осы номинацияның қатысушылары бола алады.
  4. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы. Аталған номинация бұқаралық ақпарат құралдарында қайырымдылық тақырыбын насихаттап, қоғам назарын әлеуметтік мәселелерге аударатын материалдар жариялаған журналистер мен шығармашылық ұжымдарға арналған.
    Қазіргі танда Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының өкілдері қатысушыларды іздеу және олар туралы мағлұматтар жинау бағытында тиісті жұмыстар атқаруда.
    Конкурсқа құжаттарды қабылдау осы жылдың 15 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Материалдарды Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің (shalkar_sayasat@mail.ru) электрондық поштасына жіберу қажет. Сұрақтар бойынша 8(71335)21-5-27 нөмі-ріне хабарласуға болады.