ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАПХАНА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Волонтер жылының басты мақсаты — ерікті қызметке жастарды тарта отырып, қоғамда белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру болатын. Мемлекет басшысының бастамаларында аталып өткендей азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін мойындауымыз керек. Бүгінде оған көзіміз жетіп отыр.
Әлемдік пандемияға арналған коронавирус індеті кезінде де еріктілердің игілігіне куә болып жүрміз. Ешқандай науқансыз-ақ, көптеген жастар өз көмегін ұсынып, тезірек індеттің бетін қайтаруға көмектесуде. Жастардан құралған, медициналық білімі бар көптеген жастар әлемді әуре-сарсаңға салған індетке қарсы халықпен бірге күресуде.
Осы орайда біз, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жылжымалы кітапхана қызметкерлері «Ерікті болу — ерлік» атты тақырыпта инклюзивті жұмыс ұйымдастырды. Қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапхана қорындағы балаларға арналған ертегі кітаптар, инновациялық сөйлейтін қалам «Даналық әліппесі» кітабы және де көптеген кітаптар апарылып таныстырылды. Кітапханашылар жас оқырманымыздың көңілін көтеру мақсатында шарлар алып, аннимациялық киімдерін киіп, кітапхананың атынан сыйлықтар тарту етті. Бұл қадам мүмкіндігі шектеулі жас оқырмандарымыздың өз келісімдерімен жасалды. Бұрын балалар кітапханасына ата-аналарымен келіп, кітап оқитын оқырмандарымыз үйлеріне келіп кітапханашылардың өзі кітап ұсынғанына қуанды. Көкжиекті кеңейтуді мақсат еткен шара балаларға жақсы әсер қалдырды.

Айдана УТАРАЛИНОВА,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы.