ШАЛҚАР ШАҺАРЫНДА ШАЛЫМДЫ ІСТЕР КӨП

Шалқар қаласының жалпы жер көлемі 62 мың 412 гектарды құрайды. Қалаға қарасты екі елді мекен бар, ол Мырзағұл Шыманұлы және Жомарт ауылдары. Қала бойынша халық саны 28 мыңнан асса, соның ішінде экономикалық белсенді тұрғындардың саны 17 мыңды құрайды.
Біз жақында Шалқар қаласының әкімі Тұрлан Төлегеновке жолығып, үстіміздегі жылдың осы кезеңіне дейінгі атқарылған жұмыстарын сұрағанымызда, ол былай деді:
— Қазіргі күні Шалқар қаласы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында тәуелсіз бюджеті енгізіліп, осы бағытта жұмыс жасап келеміз. Қала бойынша қаланың коммуналдық шаруашылық жұмыстарын жүргізу мақсатында 2020 жылға 6 салық түрінен түсетін түсімді барлығы 67699,0 мың теңге жоспарланды. 9 айда 6 салық түрінен түскен түсім 59829,0 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар қазіргі таңда 2020 жылғы 6 салық түріне жасалған жоспарды 100 пайыз орындау және 2019 жылға 6 салық түріне берешек белгісіз себептермен міндетті салық түрлерін төлемей жүрген заңды және жеке тұлғалармен берешекті толығымен жою барысында көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, заңды және жеке тұлғаларға берешекті жою, міндетті салық түрлерін уақытылы төлеу жөнінде ескерту қатынастар, ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерге хабарландырулар беріліп, қала тұрғындары жан-жақты және уақытылы хабардар етілді. Құрамында қала әкімі аппараты, аудандық салық басқармасы және полиция бөлімі мамандарынан комиссия құрылып көлік салығына берешек жеке тұлғаларға ескерту парақшасы таратылып, рейдтер ұйымдастырылды. Қазіргі таңда жоғарыдағы атал-ған 6 салық түрінен түсетін түсімдер қаланың коммуналдық жұмыстарына мақсатты түрде жұмсалуда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларын және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес үгіт-насихат құралдарына мемлекеттік сатып алу жеңімпазы, жеке кәсіпкер Б.Есениязовамен 400,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, бұл қаражат толық игерілді.
Қыс мезгілінде қала көшелеріндегі қарларды сыртқа шығару, автокөлік жолдарының уақытылы аршылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу жеңімпазы жеке кәсіпкер «Аманжолов»-пен 1180,0 мың теңгеге қаңтар, ақпан, наурыз айларына келісім-шарт жасалынып, жұмыстар жүргізілді.
Көктем мезгілінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында суға кету қаупі бар аймақтардың суын тазарту және құм төгу жұмыстарын атқаруға мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Experl wizard» ЖШС-мен 1000,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, Әйтеке би мен Желтоқсан көшесі бағдаршамдарының маңы, ХҚКО-ғы ғимаратының алды, Ардагерлер үйі ғимаратының алды, Есет Көтібарұлы мен Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысы, Ерімбетов көшесінің бойы, Есет Көтібарұлы мен Қ.Қонақбайұлы көшелерінің қиылысы, Әйтеке би мен Ә.Молдағұлова көшесіндегі бағдаршамға жиналған суларды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Көктемгі тазалық айы жарияланып қаладағы барлық меншік түріне қарамастан санитарлық тазалық айлығында 160 көше, 25 шақырым автожол бойы, 45,5 шақырым Шалқар көлі жағалауы, екі гектар саябақ, «Алау» стадионы, Бауырластар зиратының екі гектар аумақтары тазартылып, 200 тонна қоқыс полигонға шығарылды.
Осы жылдың көктем айларында қаланың демалыс саябағына, көшелерге, қалада орналасқан мекемелер аулаларына, барлығы 1000 дана көшеттер отырғызылды. Санитарлық жасыл белдеу орнатуға және механикалық күтім жасауға қаланың солтүстік теміржол өткел жағының 5 гектар жеріне 7 мың дана қара сексеуіл отырғызуға мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Үлкен-Борсық орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесімен келісім-шарт жасалып, 1800,0 мың теңгеге қара сексеуіл отырғызылып, күтім жасалуда.
Қаланың көркін келтіруге 3000 дана гүлдер 535,714 мың теңгеге мемлекеттік жеңімпаз арқылы сатып алынып, отырғызылды. Қаладағы үлкен талдардың түбін ақтауға 200,0 мың теңгеге ақбалшық алынып, талдардың күтімі жасалуда. Қала көшелеріндегі көшеттерге 10 дана темір қоршаулар дайындап қондыруға мемлекеттік сатып алу жеңімпазы ЖК «Даулеталин»-мен 1071,428 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, жұмысы орындалуда.
Көшеттер, гүлдерге маусымдық мерзімде мемлекеттік сатып алу жеңімпазы жеке кәсіпкер «Есенкулов»-пен 1500,0 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып, суару жұмыстары жүргізіл-ді.
Қаланың асфальт төсеніштері бар көшелерге техникалық спецификацияға сәйкес су себу жұмыстарына «ТазаҚалаШалқар» ЖШС-мен 1000,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда қаладағы Е.Көтібарұлы, Әйтеке би, А.Жұбанов, Желтоқсан, Қазанғап, Вокзал маңына су себілуде.
Қаладағы Әйтеке би, Есет Көтібарұлы, Вокзал маңы, А.Жұбанов, Желтоқсан, Ақтөбе, Карагулин, Цеханович, Мөңке би көшелеріндегі бағандарда орнатылған жарық бергіш панносына техникалық күтім жасауға мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Experl wizard» ЖШС -мен 252,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, бейне бақылау камераларына техникалық күтім жасауға осы мекемемен 400,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, жұмыстары атқарылуда.
Шалқар қаласы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы залалсыздандыру жұмыстарына және бетперде, залалсыздандыру құралдарына 3742,20 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілді.
Шалқар қаласы көшелерінің асфальт төсеніштеріне көлденең жол және жаяу өтпе таңбаларын салу жұмыстарына (техникалық ерекшелікке сәйкес) мемлекеттік сатып алу жеңімпазы ЖК «Аманжолов»-пен 1320,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынып, жұмыстар атқарылды.
Құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің ұсынысымен қаладағы төрт жерге — №6 орта мектебінің тұсына, Газшылар қалашығы Ө.Сейітов көшесіне, Әуезов пен Ерімбетов көшелерінің қиылысына, Ақтөбе мен Биекенов көшелері қиылысына орталықтандырылған бейне бақылау орнатуға мемлекеттік сатып алу жеңімпазы ЖК «А.Е.Казбеков»-пен 2 млн. 950,289 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, жұмыстар жүргізілді.
Қаланың күзгі көгалдандыру жұмыстары жоспары бойынша көшелерде орналасқан тал қоршауларына 400 түп терек (тополь) көшеттері отыр-ғызылды.
Көктем мезгілінде су тасқынының алдын-алу мақсатында Таушанов, Сары Батақұлы, Жамбыл, Абай көшелеріне 5357,142 мың теңгеге мердігер ЖК «Даулеталин»-мен келісім-шарт жасалып, суағар құбыры құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді
Сондай-ақ, Әйтеке би көшесі (Жұбанов көшесінен көл жағалауына дейін) автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары мердігер «Жалаугер-НС» ЖШС-мен 33014,016 мың теңгеге, Е.Көтібарұлы көшесі (Жұбанов көшесінен көл жағалауына дейін) автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары мердігер «АқтөбеСтройРемонт» ЖШС-мен 31999,555 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, жұмыстары аяқталды. Достан би, Таушанов, Нұртаев, Шеңбертал көшелері мен Мөңке биден Карагулин көшелері қиылысына дейін 259840,0 мың теңгеге, Абай көшесі 89600,0 мың теңгеге асфальт жабындысының ағымдағы жөндеу жұмыстарының жеңімпазы «Декор» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жұмыстары аяқталды.
Қала бойынша Әйтеке би мен Желтоқсан көшесі қиылысында, Әйтеке би мен Ә.Молдағұлова көшесі қиылысында, Әйтеке би мен А.Жұбанов көшесі қиылысында, Н.Қобыландин мен Шойғарин көшесі қиылысында, М.Шыманұлы көшесі мен І.Үргенішбаев көшесі қиылысында, Ақтөбе көшесі мен Биекенов көшесі қиылысында, М.Әуезов көшесі мен Ерімбетов көшесі қиылысында, Ерімбетов көшесі мен Карагулин көшесі қиылысында, М.Шыманұлы көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысында орнатылған бағдаршамдарды техникалық күтім жасауға ЖК «Назарова»-мен 300 мың теңгеге келісім-шарт жасалып жұмыстар жүргізілуде.


Түнгі жарықтандыру жабдықтары барлығы 2365,655 мың теңгеге сатып алынып, қондырылуда. 2020 жылы қаланың көшелеріне қосымша 82 дана түнгі шам қондырғыларын орнатуға ЖК «Назарова»-мен 5925,9165 мың теңгеге келісім-шарт жасалып қондырылды. Қазіргі таңда қаланың 160 көшесіне түнгі жарық үздіксіз беріліп отыр.
Шалқар қаласы бойынша жыл басынан бері мал азығына тапсырма 24300 тн болатын, қазіргі таңда 101,2 пайыз орындалып 24600 тн мал азығының қоры дайындалды.
Қала бойынша мал бордақылау алдаңдарына 300 бас бұқашық тапсыру туралы тапсырма берілді. Қазіргі таңда ЖШС «Рейімқұл» мал бордақылау алаңына 274 бұқашық тапсырылды.
Жаз айларында карантиндік режим кезінде дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры тұрақты болды. Дәрі-дәрмектердің бағасы мен сақталу мерзіміне мониторинг жүргізіліп, үнемі бақыланды.
Осы жылға азық-түлік және көкөніс сатумен айналысатын көтерме және бөлшек сауда иелерімен ішкі нарықты қажетті азық-түлік тауарымен үздіксіз және толық қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына қосылатын тауар үстемесін 10 пайыздан асырмай қолдануды қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде өзара ынтымақтастық туралы кәсіпкерлермен меморандум жасалды.
Қыркүйек айында Ақтөбе және Қызылорда күндеріне орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен жәрмеңкеге Шалқар қаласынан ет өнімдері мен сүт өнімдері жеткізілді. Жыл басында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі әр апта сайын өткізілді, алайда карантиндик шектеулерге байланысты кейіннен уақытша тоқтатылды. Қазір қазан айының ортасынан бастап ауылшаруашылық жәрмеңкесі қайта жанданды.
Қала аумағында 62 шаруа қожалығы орналасқан. Оның ішінде 9 шаруа қожалық бау-бақша егумен, 53-і мал шаруашылығымен айналысады. Жеке тұрғындарда — МІҚ-2591, қой-ешкі — 2855, жылқы — 59, түйе — 176 басты құрайды. Қалаға қарасты шаруа қожалықтарында МІҚ — 2368, қой-ешкі — 6094, жылқы — 1581, түйе 952 бас тіркелген. Қазіргі таңда бау-бақша егумен айналыстан шаруа қожалықтары 63,6 га. жерге бау-бақша отырғызды. Жаз айларында 35,5 га жерге жеке кәсіпкерлерге уақытша жер беру арқылы бау-бақша егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала бойынша тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер телімдерін алған жеке тұлғаларға түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында құрылыс жұмыстарын жүргізбеген өткен жылы 135 адам, осы жылы 100 адам анықталып, барлығы 18,8 га. жер телімі қазіргі таңда қаланың босалқы жер қорына қайтарылды. Ағымдағы жылға қалыптасқан жер кезегінің тізімі бойынша 120 қала тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін барлығы 9,6 га. жер телімі берілді. Қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын салу мақсатында жер сұрап өтініш білдірген 1548 адам құрайды.
Қала әкімшілігінің мамандарымен бірге учаскелік полиция инспекторлары шаруа қожалықтарды және қыстақтарды аралап, адам еңбегін заңсыз пайдалану мәселесі бойынша түсінік жұмыстарын, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен мал ұрлығының алдын алу бойынша учаскелік инспекторлар, әкімдік қызметкерлері және арнайы құрылған топ жұмыстарын жүргізіп келеді.
«Ақтөбе — адалдық алаңы» жобасына сәйкес, қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жас ұрпақты ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар жоспары бойынша үгіт-насихат баннерлері орнатылған. Және қала тұрғындарына электронды үкіметтің веб-порталы арқылы қызмет көрсету жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс орындарының құрылуына сәйкес, жыл басынан бері 1310 адам тұрақты жұмыс орнына қабылданса, 585 адам ақылы қоғамдық жұмыс арқылы жұмыс істеуде. Жеке кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмектер ұйымдастырып тұрады.
Бүгінгі күні елімізде барлық сала даму мен жаңаруды еңсеруде. Қашан да мүмкіндіктерге жол ашып келе жатқан еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды боларына қала халқы сенеді. Және қосар үлесі мол. Шалқар қаласында жүргізілген іс-шаралар алдағы уақыттарда да оның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік береді.

Қыдыралы ӘЛИН,
«Шалқар».