«Ұстаз даңқы» аллеясы ашылды

Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
Осындай ұстаздар құрметіне №6 орта мектебінде «Ұстаз даңқы» аллеясы ашылды. Оның ашылу салтанатына ардагер-ұстаздар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Князбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Абдыков қатысып, жақсы лебіздерін білдірді. Ардагер-ұстаздар А.Жүгінісов пен М.Тасырова аллеяның лентасын қиды. Ондағы тақтаға «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атағын иеленгендер, мектеп басшылары, ардагер-ұстаздардың есімдері жазылды. Мектеп ұжымы, аллеяның ашылуына демеушілік көрсеткен 2001 жылғы мектеп түлектеріне алғыстарын білдірді.

С.Шуиншалина,
№6 орта мектебінің ұйымдастырушы-педагогы.