«OTAUFEST» ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Жақында онлайн форматта өткен «OTAUFEST» отбасылық фестиваліне 5000-нан астам адам қатысты. Қызықты шеберлік сыныптары мен дәрістер, қазақстандық эстрада әртістерінің өнер көрсетуі, фестивальдің Instagram-дағы парақшасында көңілді конкурстар, қазақстандық отбасылар туралы бейне-роликтер және еліміздің үздік отбасыларын марапаттау — фестиваль бағдарламасы өте мазмұнды болды.
«Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы аясында «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоғамдық қорымен әріптестікте «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қоры өткізді. Фестивальдің мақсаты — жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуға ықпал ету, оларды дәріптеу, бір отбасы мүшелерін жақындастыру және біріктіру.
14 өңірден және республикалық маңызы бар 3 қаладан қатысқан 51 отбасы жалпы сомасы 5 миллион 100 мың теңгеге сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Марапатталғандардың ішінде Ақтөбе облысынан үш отбасы: Шалқар ауданынан Тажиевтер (суретте), Байғанин ауданынан Қожабаевтар, Әйтеке би ауданынан Прмағамбетовтердің отбастары жеңімпаз атанып, 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Жас та болса (29 жасқа дейін) отбасылық, жеке өмірде және кәсіби қызметте белгілі бір жетістіктерге ие отбасылар. Олардың барлығы өз отбасылары, балалары, айналысатын істері үшін мақтаныш сезімін сезінеді. Екі күннің ішінде бізде 5000-нан астам қатысушы болды. Бұл жастардың осы іс-шараға деген жоғары қызығушылығын білдіреді.

Жастар ресурстық орталығы.