БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

«Нұр Отан» партиясының партияішілік іріктеуі — праймеризге қатысушы Оралмағанбетова Гүлсім Тілеулесқызы партия мүшелерімен кездесіп, өз бағдарламасымен таныстырды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының «Қолжетімді әрі сапалы білім» бөлімінде: «Біз балалардың жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аударылуы қажет. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет», — деп атап көрсеткенін айта отырып, аудан көлемінде бүгінгі білім мен біліктілік бәсекелес заманда ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес білімі терең, ойлауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін, спортқа қызығушылығын арттыратын, шығармашылық икемділігін дамытатын заманауи үлгідегі мәдени ойын-сауық орталығын ашуға атсалысуды мақсат еткенін жеткізді. Нақты шешімдер ұсынып, алға қойған мақсат-міндеттерімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар Гүлсім Тілеулесқызының бағдарламасын қолдап, ой-пікірлерін білдірді. Әрине, сенім жүгі ауыр. Халық жаңа өзгерістер, жағымды жаңалықтар күтеді.
Партия мүшелері ел игілігі үшін қызмет етіп, халықтың шын жанашыры болады деген сеніммен, «Нұр Отан» партиясының партияішілік іріктеуі — праймеризге қатысушы Оралмағанбетова Гүлсім Тілеулесқызына сәттілік тілейді.

Т. Елеусіз,
«Еркемай» бөбекжай бақшасының әдіскері.