МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Аудан әкімі Жанболат Жидеханов жұмыс сапарымен Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы, Қауылжыр, Мөңке би, Ақтоғай, Бершүгір округтерін аралап, ауылдың жай-күйімен танысты. Тұрғындарды қабылдап, сауалдарына құлақ түрді. Олардың шешілу жолдарын тиісті мекеме басшыларымен ақылдасып, тапсырмалар берді. Халыққа қызмет ететін әлеуметтік нысандарды аралап, алдағы қысқа дайындықтарын білді, кем-кетіктерді жоюды тапсырды.
Ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылған жобалармен танысты. Жауапты адамдарға ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы керектігін шаруа қожалықтары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.