Инвестициялық бағдарламалар, қолданыстағы тарифтер

Жақында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Ұлы Борсық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдерімен бірлесе отырып, «Ұлы Борсық» кәсіпорнының сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне 2016-2020 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарламада қарастырылған Қайдауыл, Қауылжыр, Қотыртас елді мекендеріндегі су айдау бекеттерін, өндірістік ғимаратты және Ұлпан елді мекені мен 66 бекет арасындағы су құбырын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу, су бұру қысым коллекторының кәріз жүйесін қайта жаңғырту барысын журналистерге жариялау үшін баспасөз туры өткізілді. Онда былай делінген:
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мемлекеттің бақылауында және реттеуінде болады. Табиғи монополиялар туралы қолданыстағы заң тұтынушылардың да табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу рәсімдерін қолдану қабылданатын шешімдердің сабақтастығын, ашықтығын, әділдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Мәселен, тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу, тарифті заңсыз көтеру, амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану тарифтерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісі келтірген шығындарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешімдер қабылдау міндетті болып табылады. Тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес процентінен артық орындамаған жағдайда, сыртқы ауаның нақты температурасын және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтаруды ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнына қайта есептеу жүргізіледі.
Бұл ретте жыл сайын табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны, бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындауын бақылау жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) интернет-ресурсында орналастырылатын тиісті шешімдер қабылданады.
2016 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бұйрығымен сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне 2016-2020 жылдарға ұзақ мерзімдік шектік деңгейдегі тарифі бекітілген.
2019 жылға қолданыстағы тариф:

  • сумен жабдықтау — 150,54 теңге 1 м3;
  • суды бұру — 168,68 теңге 1 м3.
  • жылумен жабдықтау — 3370,03 теңге 1 Гкал.
    Тарифтің шекті деңгейі сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін дамыту, қайта құру және жаңғырту бойынша инвестициялық міндеттердің орындалуын қарастырады. Инвестициялық бағдарламалар аммортизациялық аударым, пайда және де қарыз қаражаттары негізінде жүзеге асырылады.
    Барлығы 5 жылдық кезеңге бекітілген жоспар бойынша инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 63794 мың теңге қарастырылған, оның ішінде:
    Сумен жабдықтауға — 27330 мың теңге, соның ішінде 2019 жылға 5215,1 мың теңге;
    Суды бұру — 19605 мың теңге, соның ішінде 2019 жылға 3579,75 мың теңге;
    Жылумен жабдықтау қызметі — 16859,3 мың теңге, 2019 жылға 3487,2 мың теңге.
    «Ұлы Борсық» КМК қызмет көрсететін сумен жабдықтау жүйелерінің ұзындығы 389 км. Жүйелердің орташа тозуы 33,3%.
    Бүгінгі таңда «Ұлы Борсық» КМК 43,67 км. кәріз жүйесіне қызмет көрсетеді. Кәріз жүйесінің орташа тозуы 32,2% құрайды.
    Қызмет көрсететін жылумен жабдықтау жүйесінің ұзындығы 16,1 км, орташа тозуы 38,2% құрайды.
    Инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы
    Бүгінгі күнге, 2019 жылдардың қорытындысы бойынша 8794,85 мың теңге игерілген, оның ішінде сумен жабдықтау бойынша 5215,1 мың теңге, суды бұру бойынша 3579,75 мың теңге, жылумен жабдықтау қызметі бойынша 3518,0 теңге.
    Инвестициялық бағдарламалар орындалуының 2019 жылдың қорытындысы бойынша келесідей әсері болды, негізгі құралдардың тозуы сумен жабдықтау қызметі бойынша 1,1%, кәріз жүйелері бойынша 2,1%, жылу жүйелері бойынша 0,6%, сонымен қатар нормативтік техникалық ысыраптар 0,1 % төмендеді.
    2020 жылға арналған инвестициялық бағдарламада сумен жабдықтау қызметі бойынша Ұлпан елді мекені мен 66 бекет арасындағы су құбырын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізуге 5215,1 мың теңге ал су бұру қызметі бойынша ұзындығы 0,5 км. болатын жалпы сомасы 3457,91 мың теңгеге, жылу жүйесі бойынша 3270,6 мың теңге құрайтын күрделі жөндеу мен қайта құру жұмыстары қарастырылған.
    Бүгінгі күні Ұлпан елді мекені мен 66 бекет арасындағы ұзындығы 1,5 км. құрайтын су құбырын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

С. ОРАЗБАЙ,
«Ұлы Борсық» коммуналдық
кәсіпорнының директоры.