«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

Ақтөбе облысының аумағында  қатаң шектеу мен карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы

15.08.2020 ж. Ақтөбе қаласы

 Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында және Ақтөбе облысының аумағында 7 күн ішіндегі репродуктивті санның R<1 орташа мәнін назарға ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Облыс, қала және аудандар әкімдігіне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына:
1.1.тыйым салуды жалғастыру:
–ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;
–ойын-сауық мекемелерінің  (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметтеріне;
– мәдениет объектілерінің, мұражайлардың жұмысына, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
– балаларды сауықтыру лагерлеріне;
– кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне;
– фудкорт, банкет залдарына;
– қалалық және қоғамдық жағажайлардың, бассейндерінің, ашық аквапарктердің жұмысына;
– діни нысандарының жұмысына;
– қала маңындағы жолаушылар поездары мен жалпы вагондардың (жұмыс поездарын қоспағанда) және қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарының қозғалысына (ауданаралық автобустарды/шағын автобустарды, таксилерді қоспағанда) тыйым салу.
1.2. InfoKazakhstan.kz сайттан электронды форматта берілетін санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы актісі болған жағдайда және оны қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіре берісінде көрнекті жерде орналастырғанда Ақтөбе облысының аумағында жұмысты қайта бастау:
– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, СОО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) (объектіде келушілердің 30% – дан аспауы қажет, 1 келушіге – 4 м2) ;
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 7 және 16 қосымшаларына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4м2);
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бассейндерсіз фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтарының (объектіде келушілердің 50%-дан аспауы қажет, 1 келушіге 5м2);
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 16-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бассейндерсіз моншалар мен сауналардың (объектіде келушілердің 50%-дан аспауы қажет, 1 келушіге 4м2);
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 Қаулысының 3-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, балалар түзету кабинеттерінің, балалар және ересектер білім беру орталықтарының (топта 5 адамнан артық емес, жазба бойынша);
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 14 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезекші топтарының (жас тобына қарай 15 адамнан артық емес);
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауадағы аттракциондардың (қашықтық, маскалар, ағынды реттеу);
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 21-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орындарды орнатумен үй-жайдағы және ашық ауадағы қоғамдық тамақтану объектілерінің;
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ауданаралық бағыттардағы қоғамдық көліктер мен такси қызметтерінің;
– ашық ауада жеке және топтық жаттығулардың (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулардың (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұру, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу).
1.3. демалыс күндері 2020 жылдың 22 тамызының сағат 00.00-ден 2020 жылдың 24 тамызының сағат 00.00-ге дейін және кейіннен әрбір демалыс күндері (сенбі, жексенбі) осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес объектілерді қоспағанда, барлық объектілердің қызметі тоқтатылсын.
1.4. қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата маскаларын міндетті түрде кию, мыналарды қоспағанда:
–бес жасқа дейінгі балаларға;
–қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда;
–әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жеке және топтық спортпен шұғылданатын адамдарға;
–медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға.
2.Облыс, қала және аудандар әкімдігіне, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына қамтамасыз ету:
2.1. шектеу, оның ішінде карантинді іс-шараларын енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;
2.2.кәсіпкерлермен бұзушылықтарды уақытылы жою шараларын қабылдау мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;
2.3. кәсіпкерлік субъектілерін шектеу, оның ішінде карантинді іс-шараларын енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтында орналастыруды;
2.4.InfoKazakhstan электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда бизнес объектілерінің қызметін қайта қосылуына арналған актіні электрондық беруді.

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:
    3.1.БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;
    3.2.Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы 2020 жылдың 17 тамызының 00 сағат 00 минутынан бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің 15.08.2020 жылғы №ПГСВ-49
қаулысына қосымша

Қызмет көрсету түрі рұқсат етілген, тоқтатуға жатпайтын мекемелер мен ұйымдар тізімі

  1. Денсаулық сақтау саласы, оның ішінде:
    1) Мемлекеттік және мемлекеттік емес медицина мекемелері, оның ішінде стоматологиялық;
    2) Зертханалық қызметтер;
    3) Дәріханалар.
  2. Ветеринарлық қызметтер.
  3. Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтері, оның ішінде:
    1) Электроэнергетикалық компаниялар;
    2)Сумен қамтамасыз ету/газ-жылумен қамтамасыз ету;
    3) Өртке қарсы және апаттық құтқару қызметтері;
    4)Тұрғын үйлерді басқару саласындағы қызметтер (электрик, сантехник, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық құтқару қызметі, оның ішінде лифттерге қызмет көрсету);
    5) Көшелер мен үй-жайларды жинау;
    6) Қоқыстар мен қалдықтарды жинау, өңдеу және жою;
    7) Дезинфекция;
    8) Көлік қозғалысын реттеуші техникалық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мекемелер;
    9) Телекоммуникация және байланыс;
    10) Арнайы көлік құралдары мен такси қызметі;
    11) Пошта және курьер қызметтері;
  4. Әуезжай, Т/ж және авто вокзалдары;
  5. Бұқаралық ақпарат құралдары.
  6. Жанармай құю және газ құю станциялары.
  7. Күзету агенттіктері.
  8. Басқа да маңызды қызметтер, оның ішінде:
    1) Азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды және алғашқы қажеттіліктегі тауарларды жеткізу қызметтері, супермаркеттер, гипермаркеттер, көп пәтерлі үйлерде және жер үйлер көп орналасқан бөліктерде орналасқан дүкендер;
    2) Сауда-логистикалық орталықтары, қоймалар, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдарды сату қызметтері.
  9. Бірінші басшының шешімі бойынша мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар (Орталық және басқа да), олардың құрылымдық мекемелері.
    Қызмет түрі рұқсат етілген тізімге енбеген барлық саладағы мекемелер мен ұйымдар, қолданыстағы Қаулының іске асу уақытында қалыпты жұмыс істеу тәртібін тоқтатып, қызметін қашықтықтан жүргізе алады, оның ішінде онлайн режимі арқылы.