Шалқар қаласынан «Тuz-Еm» тұз шахтасын ашып, халықтың денсаулығына дәрі-дәрмектің көмегінсіз ем қабылдауына көмектесіп келе жатқанымызға да көп уақыт бола қойған жоқ. Бұл — өз өлкемізден ашылған алғашқы табиғи ем орталығы. Алдымен бұл жобаның жүзеге асуының бірден-бір себебі — экологиялық аймақтың зардабы. Шындығы сол, экологияның салдарынан зардап шегіп, көптеген ауруларға тап болып жатырмыз. Жедел, созылмалы бронхит, аллергиялық аурулар, қант диабеті, тері аурулары өршіп тұр. Сонымен бірге көбінесе балалардың иммунитеті әлсіз болғандықтан, ауруларға бейім келеді.
Өзімнің де немелерім бар. Олардың да болашағын, денсаулығын ойлап, алаңдаймын. Ағзаларын бағасы шарықтап тұрған дәрі-дәрмектермен улап, ине салып, зақымдағаннан гөрі анағұрлым табиғи жолмен ем қабылдағаны бәріміз үшін де әлдеқайда тиімдірек. Міне, осы жағдайды ескере келе халыққа пайдасы бар, бағасы қолжетімді дүниені ұсынған дұрыс. Бұл идея үлкен еңбекпен келді. Отбасым, балаларымның арқасында мен кәсіпкер атандым. Жасым 58 де. Соған қарамастан, кәсіптің қыр-сырын меңгеріп келемін. Кәсіп ашуда жастың үлкен-кішілігі емес ең бастысы ниет керек. Осы тұста балаларымның қолдауы, көмегі мені жігерлендірді. Кәсіпкер болу үшін білімімді шыңдадым.
Шалқар қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының 1 айлық оқуына қатысып, кәсіптің қыр-сырын меңгердім. Жастармен бірге жарыса оқып, заманауи тұрғыда өз білімімді дамыттым. Осы тұста бізге қолдау білдіріп, алғашқы қадамнан осындай жетістікке жетуге түрткі болған бизнес-тренер, қазіргі таңда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бақытжан Анапинге алғысым шексіз. Жалғыз менің емес, қатарлас кәсіпкерлердің де жобаларының жандануына осы азаматтың үлесі зор. Қолыма сертификатымды алып, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдауға қарастырылған грантқа үміткер ретінде қатысып, «Тuz-Еm» тұз шахтасын ашуды мақсат етіп, жоба дайындап, Ақтөбе қаласында қорғап, 161 үміткер арасынан Шалқар қаласынан 3 000 000 теңге грантын жеңіп алдым. Аудан әкімшілігіне, кәсіпкерлік палатасы бөлімінің мамандарына алғысымды білдіремін. Сол азаматтардың қолдауы аясында бағыт-бағдар беруінің арқасында сенімім арта түсіп, жемісті еңбегім бағалана түсті. Мұнымен тоқтап қалмадық. Ақтөбе қаласы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства) бойынша 6% жеңілдікпен 6 000 000 теңге несие алып, ғимаратты жабдықтап, қосымша ем қызметтерін аштым. Бір отбасы болып, бар күш-жігерімізді кәсіп ашуға жұмсадық. Тұз шахтасымен бірге, қосымша ем қызметтерін аштық. КЕДР бөшкесі, массаж кабинеті, сонымен қатар ДЦП-мен ауыратын балаларға, инсульт алған адамдарға арналған жаттығу бөлмесі ашылды. Қазіргі таңда мекемеде өз саласының маманы 3 жұмысшы қызмет атқарып келеді. Ем алушылар саны да артуда. Халықтың сұранысы бойынша қажетті ем алу үшін барлығы бір жерде орналасып, қолайлы, бағасы қолжетімді болғанын қалайды. Міне, алдағы уақытта ғимаратты кеңейтіп, халыққа пайдалы, тиімді ем көрсететін қызметтер ашу жоспарымызда бар. Біз ем алушыларға тек қана табиғи жолмен ем алуды ұсынып, қызмет еткіміз келеді. Ем алу үшін санатория жағаламай, уақыт өткізбес үшін өз өлкемізде дамытуды мақсат еттік. Барлық жасап жатқан қызметтер халық игілігі үшін деп білемін. Қазіргі таңда келінім Айбану Қожабаева өз жұмысымен қатар осы кәсіпті жан-жақты дамытып, халыққа пайдасын тигізіп келеді. Жаңа жобаларды іске асыруға кірісті. Сонымен қатар, қызым Ақбота Қуаныш Жастар жылы аясында іскер жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, 500000 теңге грант иегері атанып, өз кәсібін ашты. Міне, мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдау көп. Тек әр адамдағы ниет пен талап, мақсат пен мүдде тоғысқанда ғана, орындалмайтын міндет, алынбайтын асу болмайды, талаптанғанның арқасында тасың өрге домалайды. Халық игілігі үшін қызмет етіп, алғысын алып жүрсек, кәсіптің де берекесі арта түсері анық.
Сіздерге Шалқар қаласындағы «Тuz-Еm» тұз шахтасын туралы ақпаратты ұсынамыз
Тұз шахтасы — дәрі-дәрмексіз табиғи ем.
(Созылмалы бронхит, ОРВИ, тұмау, жөтел, дем алу жолдарының аллергиясы, бронх демікпесі, гайморит, тонзилит, аденоидид, шаршау, жүйкенің тозуы, тері аурулары (псориаз, дерматит), бронхиттің барлық түрлері, тамақ пен құлақ аурулары, маусымдық аллергия өкпені никотин мен шайырдан тазартуға ем). Тұз шахтасы тұзды ылғалдандырғыш аппарат арқылы жүзеге асады. Ол-галогенератор АГГ-03.
Қызметі: аппаратты бөлмеге қондыру арқылы іске қосылғанда тұзды бөлмедегі ауамен араласып, ем алушының дем алу жағдайында ағзасына енеді. Әсер ету белгілері: түшкіру, мұрыннан су кету, жөтелу сынды белгілермен байқалады. Бұл — оң нәтижедегі әсері. Процес қалай жүзеге асады? Бөлмеде ем алушылар 20 минут аппараттың көмегімен тұзды ауаны жұтып, дем алып емін алады (аппарат қосулы). Одан кейінгі 20 минут тұздың ағзаға сіңуімен жүзеге асады. Барлық уақыт 40 минутты құрайды.
Тұз шахтасы ересектер мен балаларға арналған.
Қосымша ақпарат: Галокамералық бөлме 27 шаршы метрді құрайды. 10 адам ем алатын орындық қойылған. Балаларға арнайы ойыншықтар, сурет үстелдері қойылады. Балаға қозғалыс, ойын арқылы тұзды ауаны жұтқан әлдеқайда тиімдірек. Санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң түрде сақталған.
-Ересектерге ем алу құны — 1000 теңге, балаларға — 500. (7 жасқа дейінгі балаға тегін)
-10 % жеңілдік зейнеткерлер, көп балалы аналарға және отбасылық ем алу жағдайы да қарастырылған. Ем алу курсы —10 күн. Күрделі жағдайда 20-25 күнге созылады.
Қосымша қызметтер. Кедр бөшкесі. Емдеу жолдары: қан айналымның бұзылуы, бүйрек аурулары, салқын тию, бұлшық ет және буын аурулары, ревматизм және артрит, иммундық жүйе, тері аурулары, үнемі шаршау, қажу белгілері, жүйке ауруларының алдын-алу, артық салмақтан арылу.
Массаж бөлмесі (массаждың барлық түрлері, балаларға және ересектерге арналған).
Аэробика-гимнастикалық жаттығулар бөлмесі.
Балалар ойнайтын алаң.
Қызметіміз: Ем алушылар арнайы жазылу арқылы келеді.
Жұмыс уақыты: демалыссыз, Жергілікті уақыт: 10.00-21.00.
Байланыс тел: 8-705-553-7347.
Айымгүл ӨТЕШОВА,
кәсіпкер.
Шалқар қаласы.