ШАРУАЛАРДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ

Әлемді шарпыған індет кезінде қайырымды жандар қатары күн санап көбейіп келеді. Аудандық ауруханада жатып, емалушыларға шұбат, қымыз, т.б. қажетті заттар демеушілердің ұйымдастырушылығымен берілуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастамасымен емделуші жерлестерімізге көмек ретінде акция ұйымдастырылды. Бұл қайырымдылық шарасында ауданымызға қарасты «Азамат», «Қолғанат», «Тасқора», «Дәулет», «Мұқаш», «Ержан», «Сынтас», «Жексен», «Бақдәулет», «Ынтымақ», «Ақсұңқар» шаруа қожалықтары қымыз бен шұбат әкеліп тегін үйлестірді.
Сондай-ақ, Есет Көтібарұлы ауылдық округіне қарасты «Қалыбек» шаруа қожалығының төрағасы Берік Әбдірахманұлы бір жылқының етін таратты.
Бұдан өзге де көмек қолын созып жатқан азаматтар да баршылық. Осындай қиыншылыққа тап болған сәттерде жанашырлық танытып, азаматтығын көрсетіп жатқан шаруа иелеріне емделушілердің де алғысы шексіз.

Суретте: Шалқар ауылдық округіне қарасты «Ебес», «Талап» шаруа қожалықтарының төрағалары Мейрамғали Мыңжасарұлы мен Рақымжан Шакаев.