Осы жылдың маусым айының 1-нен суға шомылу маусымы басталды. Аз уақыт болғанына қарамастан Ақтөбе облысы аумағында суға кетіп қаза болғандар өкінішке орай азаймай тұр.
Ауданның төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті полиция бөлімі қызметкерлері осы жағдайларды болдырмау және алдын-алу мақсатында Шалқар көлі жағалауындағы тиым салынған және шомылуға арналған жерлерді күнделікті аралап, рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Естеріңізге сала кетсек, Шалқар көлінде тек «Солдат» жағажайына шомылуға рұқсат берілген.
26 маусым күні Шалқар ауданының төтенше жағадайлар бөлімі осы «Солдат» жағажайында құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған «Құтқару бекеті» бұрышын жасады. Сонымен қатар «Мас күйінде шомылуға тиым салынады» және «Қоқыс тастауға тиым салынады» деген алдын алу сипатындағы ескертпе баннерлері орнатылды.
Аталған баннерлердегі ескертулер бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда яғни, мас күйінде суға түсу және қоғамдық орында қоқыс тастау бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440 және 434-2-бабына сәйкес, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (13890 теңге) айыппұл салынатын болады.
Осы ретте Шалқар қаласының тұрғындары мен қонақтарын суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін және қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға шақырамыз.
Шалқар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.