ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАРТУЫ

Әркімге туған жері ыстық. Қотыртас ауылынан да әр жылдары перзенттер түлеп ұшып, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет жасап жүр. Ауылымыздың жыл сайын көркейіп, ел игілігі үшін көңіл қуантарлық игі шаралардың еселенуі көңіл қуантады.
Осындағы Ақтоғай орта мектебін оқып бітірген түлектердің ауылға деген сағынышы, жасап жатқан сый-тартулары өскелең буынға үлкен өнеге болып тұр. Мектебімізді 2000 жылы тәмамдаған түлектер туған мекенге сән беретін, «Ақтоғай» деп көрнекі әріптермен жазылған белгі орнатып берді. Ауылда орын алған әрбір оңды өзгерістер кім-кімнің де көз қуанышына айналып тұрары сөзсіз. Ақтоғайдан басталатын сөз біздің ауыл үшін өте ыстық һәм бағалы. Сондықтан алтын ұя мектеп түлектерінің бұл сыйлығының ауылдастар үшін мәні зор болды.

Ақниет Сейітжанова,
Ақтоғай ауылдық округі.