Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын 2020 жылдың 01 маусымынан 2020 жылдың 01 қыркүйегіне дейін тіркеу жүргізіледі.
Көлік құралдарын тіркеу үшін «Халыққа қызмет көрсету» орталығына барып мына құжаттарды тапсыру керек: а) жеке куәлік; б) Арменияда берілген көлік құралын тіркеу куәлігі және көлік құралының мемлекеттік нөмір белгісі: в) құжаттар басқа тілде жазылған кезде мемлекеттік немесе ресми тілде нотариуспен куәландырылған аудармасы.
Армения Республикасы берген техникалық құжаты және мемлекеттік нөмірі бірінші тіркелгенге дейін (первичной регистрации) немесе Қазақстан Республикасынан шығарылғанға дейін (вывоз за пределы РК) егер сол жақ рөлге ауыстырылған болса (руль) сервистік орталықтардан алынған анықтамасы болу керек.
Көлік құралы тіркелгеннен кейін сары түсте, аумағы 04 (регион), «А» әріптік белгі (символ) мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.
Тіркеу жарнасының мөлшері -0,25 АЕК (694 теңге 50 тиын); Мемлекеттік куәлікті тіркеу туралы куәлікті бергені үшін -1,25 АЕК (3472 теңге 50 тиын); Мемлекеттік нөмір белгісін бергені үшін -2,8 АЕК (7778 теңге 40 тиын).
Жеке тұлғаның атына көлік құралы тіркелген соң көлік құралдары салығын төлеуі қажет.
Тіркеу бойынша кеңес алу үшін полиция Департаментінде 09.00-18.00 аралығында сall-центр жұмыс жасайды, үзіліс уақыты 13.00-14.00 . Телефон нөмірі 525 100. Сондай-ақ, әкімшілік полиция басқармасындағы «Халыққа қызмет көрсету» орталығынан кеңес алуға болады.
Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.