ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ №15 10.06.2020 ж.

Шалқар аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бас-қару туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Шалқар аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясын 2020 жылы 15 маусым күні жергілікті уақыт сағат 09.00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №24 «Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
    Хабарламашы: Қ.Исаев — «Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  2. Шалқар қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
    Хабарламашы: Қ.Князбаев — «Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  3. Басқа да мәселелер.


Ж. Шамбалаев,
аудандық мәслихаттың сессия төрағасы.