ТҮЛЕКТЕР ЖЕҢІС АЛЛЕЯСЫН ТАРТУ ЕТТІ

Сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген ұранмен шайқасқан, ардагерлердің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету — жас ұрпақтың азаматтық парызы.
Осы мақсатта №6 орта мектебінің директоры Жаңабай Мусиннің бастамасымен және осы алтын ұядан түлеп ұшқандарына 20 жыл толған түлектер мен ұжым мүшелерінің атсалысуымен мектепте Жеңіс аллеясы ашылып, соғыс ардагерлеріне ескерткіш-тақта орнатылды.
«Аман-саулық — адамның нағыз бақыты болса, тәуелсіздік — халықтың жалғыз бақыты», — деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, осынау бейбіт заманда аман-есен өмір сүріп жатқанымыз соғыс ардагерлері, майдангерлердің арқасы екендігін бәріміз де ұмытпауымыз керек.

Гүлсайра ҚҰЛЕКЕНОВА, №6 орта мектебінің мұғалімі.