«Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр.Короновирус инфекциясының алдын алып, одан әрі таралмауы үшін 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Кейін мамырдың он біріне дейін ұзартылды.
ҚР Президенті 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталғаны туралы мәлімдеме жасады.
Төтенше жағдай аяқталғанымен, Ақтөбе облысында және шекаралас барлық аумақтарда, сонымен бірге Ресей Федерациясында короновирустық инфекция жағдайларының тіркелуіне байланысты тұрғындар арасында инфекцияның әрі қарай таралып кетпеуінің алдын алу мақсатында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанға дейін облыс аумағында шектеу іс-шаралары және Ақтөбе қаласының аумағында карантин режимі сақталады.
Осы уақытта ойын-сауық, спорттық және басқа бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Тұрғындарға айтарымыз: сақтық шараларын сақтаңыз- бетперде кию, бір рет қолданылатын қолғаптар кию, тері антисептиктерін пайдаланыңыз.
Адамдар көп шоғырланатын жерлерге баруды шектеп, әр түрлі қызмет түрлерін алу кезінде кемінде 2 метр ара қашықтықты сақтаңыз. Осы талаптар мен жеке бас гигиенаңызды сақтау өзіңіздің, жанұяыңыздың, туысқан , әріптестеріңіздің т.б. денінің саулығы екенін ұмытпаңыз.