Соғыс ардагерімен сұхбаттасты

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында №2 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Г.Аманжолова мен ғылыми ұйымдастырушы З.Еспенбетова ұжым атынан аудандағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Шудабай Тақаевтың отбасына барып, мерекесімен арнайы құттықтады. Оқушыларға рухани азық сыйлап жүрген тәжірибелі мамандар тоқсанның төріне шыққан тыл ардагерімен сұхбаттасып, одан Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыртпашылықтар, елдің одан кейінгі хал-ахуалы тұрғысында сұрап, нақты мәліметтер алды.
Өз кезегінде ардагер тәуелсіз еліміздің бейбітшілігін қадірлеп, жастарды патриоттық тәрбиемен сусындатудың артықшылығын жеткізіп, «Елімізде соғыс болмасын, бейбітшілік мәңгілік орнасын» деп ақ батасын берді.
Кездесу соңында кітапханашы Г.Шәкизақызы ардагерге ұжым атынан қазақтың қара домбырасын сыйға тартып, естелік суреттерге түсті.

Өз тілшімізден.