НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГТЕР ЖҮРГІЗІЛІП, ЕСКЕРТУЛЕР БЕРІЛДІ

Шалқар ауданындағы жағдай тәулік бойы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының тұрақты бақылауында.
Ауданда коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған жұмыстар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «ҚР-да төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы №30 ПГВр, Ақтөбе облысының бас санитариялық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» №4 ПГВр қаулыларына сәйкес атқарылуда.
Ауданымызға оңтүстік өңірлерден, Атырау облыстарынан келген шалқарлық азаматтардың тізімі жасалып, қазіргі күні 118 адам үй жағдайында бақылануда. Барлығына басқармамен 14 күн үй жағдайында оқшаулануы бойынша қаулылары, үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде орындалуы туралы қолхаттары, үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтары берілді. Аудандық ауруханаға келген адамдардың тізімі жасалып, медициналық бақылау назарда ұсталуда. Үй карантиніне жатқызылған адамдар режимнің сақталуы басқарма мандарымен, жергілікті полиция қызметкерлерімен қадағалануда.
Ақтөбе облысының бас санитариялық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» №4 ПГВр қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға (адамдар көп жиналатын объектілердің иелері мен жалға алушыларына) шектеу шарасы уақытында қызметін тоқтата тұру, шектеу шаралары кезінде санитариялық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып, жұмыс істеуіне шектеу белгіленген қоғамдық тамақтандыру орындары, базарлар, сауда орындары, т.б. жұмыс жасау режимдері басқарма мамандарымен, қалалық әкімдікпен бірлесіп мониторинг жүргізілуде.
Қазіргі күнге барлығы 534 нысанға мониторинг жүргізіліп, олардағы дезинфекциялық режимінің бұзылуы (бір рет пайдаланатын қолғап, маскаларды пайдаланбау, антисептиктердің, дезинфекциялық кілемшелердің болмауы, т.б.) бойынша 151 ескертулер берілді.
Тұрғындар арасында коронавирус ауруының алғашқы белгілері мен сақтық шаралары жөнінде Шалқар қаласы темір жол вокзалы радиорубкасы арқылы «Коронавирустан сақтану жолдары» тақырыбында 60 радиодәріс оқылды. Ақпараттық парақшалар аудандық мешіттің және халық көп жиналатын сауда үйлері, базарларға, халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта ғимаратының ақпараттық тақтайшаларына ілінді. Сонымен қатар халық көп баратын Шалқар қаласындағы сұлулық салондары, шаштараз, моншаларға КВИ-дың сақтану шаралары көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.Тұрғындармен КВИ-дің алдын-алу шараларын түсіндіру мақсатында 556 дәрістер, 3200 әңгімелесулер өткізіліп, 3500 парақшалар таратылды.
Ауылдық округ әкімдеріне КВИ-ның алдын-алу шаралары көрсетілген ақпараттық хабарландырулар, көрнекі жерлерге ілуге ықпал етуге ұсыныс хаттар жолданды. Аудандағы такси қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлерге КВИ-дың алдын-алу бойынша парақшалар таратылып, күнделікті ылғалды тазалау бойынша кеңестер берілді.
Аудандық пошта көмегімен тұрғындарға таратылатын газет арқылы 1500 дана парақшалар, аудандық волонтерлар көмегімен КВИ дың алдын-алу, сақтану жолдары көрсетілген үнпарақтар таратылуда. Аудандық «Шалқар» газеті арқылы КВИ-дың алдын-алу бойынша үш мақала жарияланды. Басқарманың әлеуметтік желілері арқылы тұрғындарға, мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің, ата-аналардың чаттары арқылы ақпараттық парақшалар таратылу жалғасуда.

Гүлайым ҚҰДАЙСҮГІРОВА,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы.