Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбековна, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығының 3 тармағы 4) тармақшасы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағы 13) тармақшасын және 150 бабынҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 және 6 тармағынбасшылыққа ала отырып, Ақтөбе облысында коронавирустық инфекциялық жағдайларының тіркелуіне жәнекөршілес шекаларас аумақтарда (РФ, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды) аурауларың тіркелуіне байланысты, сонымен қата тұрғындар арасында инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылғы 31 наурызы сағат 00:00-ден 2020 жылғы 15 сәуірде сағат 07:00-ге дейін халықтың шаруашылық және өзге де қызметінің ерекше жағдайлары бар санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларжүзеге асырылсын.
- Ақтөбе облысының әкімі 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00.00-ден бастап:
2.1. Транзиттік көліктерін, сондай-ақ тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарлар мен материалдарды таситын көліктерін қоспағанда, көлік құралдарының барлық түрлеріне және азаматтарға Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салынады;
2.2. Еріп жүретін адамдарының ең көп саны 10 адамнан аспайтын жерлеу үдрістеріндегі автокөліктерге блок-бекеттері арқылы өтуге рұқсат ету;
2.3. Транзиттік көліктері, сондай-ақ тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарлар мен материалдарды таситын көліктерін кіргізудегі блок-постында дезинфекциялық тосқауылдармен қамтамасыз ету.
3.Шектеу шарасы уақытында қызметін тоқтата тұру:
- үкіметтік, жүктік, транзиттік рейстер мен Ақтөбе облысының әкімімен келісілген рейстерді қоспағанда, барлық рейстер; – жүк, транзиттік және соңғы станциясы Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының станциялары болып табылатын жолаушылар тасымалынқоспағанда, жолаушыларға арналған барлық теміржол байланыстары;
- Ақтөбе облысындағы автовокзалдар мен автовокзалдар сәйкесінше халықаралық, қалааралық және ауданаралық жолаушылар тасымалын.
- Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға (адамдар көп жиналатын объектілердің иелері мен жалға алушыларына):
- Егер бұл үшін техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндік болса, жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылады.
4.1. Шектеу шарасы уақытында қызметін тоқтата тұру: - барлық мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың жұмысы;
- ірі сауда орталықтарының (азық-түлік дүкендері мен оларда орналасқан дәріханалардан басқа), саябақтар, зоодүкендер, монша кешендері (жеке кабиналармен бірге), санитариялық-куроттық насандар, әсемдік салондары, шаштараздар, сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд бөлмелері, компьютерлік, интернет-клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлік канторалар, лото, спорттық кешендері (үйірмелер, секциялар), футболдар алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмысын;
- алкомаркеттер;
- азық-түлік, мал,автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарлары;
- азық-түлік тауарларының жәрмеңкелері;
- үйлену салондары, мерекелік залдарының жұмысы;
- ұялы телефондарды сататын және жөндейтін дүкендердің жұмысын.
4.2. Шектеу шаралары кезінде санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып, жұмыс істеуіне шектеу белгілеу: - азық-түлік тауарлар дүкендері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
- супермаркеттер, гипермаркеттер сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сағат 20:00-ден 09:00-ге дейін азаматтарды келтірмей ақ тапсырыстарды шығаруға және жеткізуге жұмыс істеу;
- қызмет көрсету саласындағы объектілер (банктер, киім тігетін орындар, химиялық тазартқыштар, автомобиль майларын ауыстыру бойынша қызмет көрсету орындары, вулканизация, көлік жуу, қызмет көрсету орталықтарыжәне ломбардтар) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
- бөлек тұрған тұрмыстық техника, сантехника, автосалон дүкендері және азық-түлік емес тауарлар сататын басқа да дүкендер сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Мыналарды қоспағанда: дәріхана және дәріхана дүңгіршегі штаттық режімде жұмыс жасайды.
4.3. Қоғамдық тамақтану орындары (кафелер, мейрамхалар, барлар, асханалар, және т.б.): - азаматтарменкәсіпорындардың үй-жайларына бармай-ақ, алып кету және апарып беруді тәулік бойы жүзеге асыратын қызметтерді қоспағанда, жұмысты тоқтата тұру;
- персонал жұмыс кезінде бір рет қолданатын қолғап пен максаны қолдануды қамтамасыз етілсін (масканы 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру);
- кіре берісте қолды залалсыздандыру үшін сантизаторлар орнатылсын, сантизаторларда көп функционалды антисептикалық затты қолданылсын немесе бір рет қолданылатын қолғаптармен қамтамасыз етілсін;
- күшейтілген дезинфекциялау/залалсыздандыру режимі енгізілсін, әр сағат сайын үстелдерді орындықтарды, эксалатор тұтқалалырн, баспалдақтар мен есіктерді, лифтілерді және әр үш сағат сайын едендерді жуу үшін арнайы дезинфекциялық құралдар қолданылсын;
- асханаға келушілердің өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тыйым салынсын; – жедел респираторлық инфекциялар (дене қызуының көтерілуі, жөтел) көріністері бар қызметкерлер жұмыс істеуге жол берілмесін;
- жұмыстың соңында (немесе кем дегенде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, үстелдерін, орындықтардың артқы жақтары, асханаға кіре берісте қолды жууға арналған раковиналар, витриналар дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып дезинфекциялық ерітінділермен сүртілсін, бөлмелер желдетілсін және тазалансын;
жұмыстың соңында (немесе кем дегенде 6 сағаттан кейін) дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, үй-жайлардағы есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың артқы жағын (креслолардың тіректері) дезинфекциялық ерітінділердімен (немесе дезинфекциялық ерітінділермен) сүрту арқылы тазалансынжәнежелдетілсін; – халыққа қызмет көрсету барысында сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде ауысымына кемінде екі рет және тұтастығы бұзылған жағдайда ауыстыруға жататын бір реттік қолғаптар қолданылсын (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қыметкерлер).
- Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының тұрғындарына ұсынылады:
- азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, медициналық көмекке жүгінуді, жұмысқа шығуды қоспағанда, тұрғын үйден шығуды шектеу;
- тұратын жерінен тыс жерде жүрген кезде маска киюге, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалануға және қолды өңдеуге арналған тері антисептиктері болуға; – отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан аспайтын топтармен жүруін шектеу;
- 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау.
- Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастықтары шектеу шарасы кезінде:
6.1. Азаматтардың жиналуына жол бермеу және карантиндік режимді бақылау мақсатында Ақтөбе қаласының және аудандардың елді мекендерінің көшелерін патрульдеу;
6.2. Жеке және заңды тұлғалардың шектеу іс-шараларын және үй карантин режимін сақтауын бақылау, ал COVID-19 ошақтары тіркелген жағдайда қала аумағы мен тұрғын үй алаптары учаскелерінің сегменттерін оқшаулау және қорғау;
6.3. Ақтөбе облысының және Ақтөбе қаласының карантиндік аймағын толық қоршау; 6.4.Жергілікті атқарушы органдар берген арнайы рұқсаты барларды қоспағанда, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының аумағына рұқсатсыз автомобиль көлігінің өтуін және жаяу жүргіншілердің кіруін болдырмау;
6.5. емделуге жіберілетін адамдарды қоспағанда, Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының ішінде ресми (тіркелген) және ресми емес (тіркелмеген) жеке жолаушылар тасымалына тыйым салу;
6.6. Осы қаулының талаптары, сондай-ақ төтенше жағдай режимі бұзылған кезде жауапты адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде көзделген барлық шараларды қабылдасын. - Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысына:
7.1. Денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету;
7.2. COVID-19 анықталған науқастарды және олармен қарым- қатынаста болаған адамдарды инфекциялық стационарға дереу оқшаулау;
7.3. COVID-19 клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында ішкі карантиндік аймақтарды ауланы аралау;
7.4. Ішкі карантинге жатқызылған жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру;
7.5. Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласына кіру және шығу кезінде транзиттік жүк көлігі, сондай-ақ облыс қажеттілігі үшін азық-түлік тауарлары бар жүк көлігі жүргізушілерінің санитарлық блок-бекеттерінде денсаулық жағдайын тексеруді (температураны өлшеуді) қамтамасыз ету;
7.6. Іс-әрекеті КВИ-ға күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың қорғаныш дәрежесі жоғары маскалармен немесе респираторлармен қамтамасыз етілсін. - Ақтөбе қалалық және аудандық әкімдері, Ақтөбе облысыныңэнергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы жәнеАқтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары:
8.1. COVID-19 аурушаңдығының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген карантиндік және шектеу шараларын сақтау қажеттілігі туралы Ақтөбе қаласы және аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
8.2. Коммуналдық, дезинфекциялық және әскери қызметтерді тарта отырып, қоғамдық көлік пен аялдамаларды, көшелерді, адамдар көп жиналатын орындарды қоса алғанда Ақтөбе облысының аумағында күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;
8.3. Облыста қоғамдық көліктің жұмыс режимі сағат 07:00-ден 21:00- ге дейін белгіленсін. Жолаушаларды тасымалдауды тек отыратын орындар саны бойынша қатаң түрде жүзеге асыру;
8.4. Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының аумағында кәсіпкерлік субъектілерімен шектеу шараларының орындалуын қамтамасыз ету. - Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:
9.1. Аталған органдар мен ұйымдардың, мүдделі ведомстволардың бірінші басшыларын осы қаулымен таныстыру, сондай-ақ БАҚ мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізу;
9.2. Ақтөбе облысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шаралар жүргізілсін.
9.3. Аумақтық және жеріглікті мемлекеттік органдармен бірлесіп осы Қаулының орындалуын қамтамасыз етілсін; - Осы Қаулы меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.
- Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 12. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының Бас Мемлекттік санитариялық дәрігері Н. Беркімбаева.