АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының 2020 жылғы 27 наурыздағы №287 бұйрығымен Шалқар аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Ринат Сатаев тағайындалды.
Ринат Мұратұлы ішкі істер органдарында еңбек жолын 2004 жылдан бастап, әр жылдары Мұғалжар ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, облыс орталығындағы Заречный қалалық, Зауыт полиция бөлімдерінің бірінші орынбасары, Алматы ауданы №4 қалалық полиция бөлімінің бастығы лауазымдарында болып, басшылық қызметтер атқарған.
Осы лауазымына дейін Ақтөбе облысы полиция департаментінің криминальдық полиция басқармасының жеке тұлғаларға қарсы қылмыстармен күрес бөлімінің бастығы қызметінде болды.
1982 жылы дүниеге келген Р.Сатаев отбасылы, екі баланың әкесі.