Кімде-кім депрессияға түсіп, қайғыға салынатын болса, инфекция да соған үйір болады. Сондықтан уайымға салынбай, бәріміз бірге болайық. Ал ауырғандарға келетін болсақ, оларды шеттетпейміз, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіледі.
ҚР Президенті Қ.ТОҚАЕВ.
«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Biz birgemiz» республикалық акциясын жариялаған болатын. Аталған акция Шалқар ауданында да қарқынды жүріп жатыр.
Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Қаниевтің тапсырмасымен акцияны ұйымдастыру барысында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аса мұқтаж отбасылардың тізімін жасақтады. Партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында оларға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түліктер, атап айтсақ, қағаз майлықтар, макарон өнімдері, қант, өсімдік майы, тұз және гигиеналық заттар таратылуда.
Бүгінгі күні Шалқар қаласы бойынша 54 отбасыға, ауылдық округтер бойынша 37 отбасыға көмек көрсетілді. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттарды таратуға партия мүшелері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары, ерікті топтар белсенді түрде катысуда. Акция «Есіктен есікке» қағидасымен өткізілуде. Барлық сақтық шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, тұрғындарға сауда орындарында, тұрғындардың көп жиналатын жерлерінде дезинфекция жұмыстарының маңыздылығы, қызметкерлердің бетперде, қолғап қолдану ережелерін сақтауына байланысты арнайы дайындалған парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Акцияға облыстық мәслихат депутаттары Б.Шәкірбекұлы, А.Оралмағанбетов, аудандық мәслихаты, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымының төрағалары өз үлестерін қосты.
Жомарт жандардың жанашырлығы тұрғындардың сенімін нығайтып, бірлігіміздің мол екенін еселей түсті.
«Nur Otan» партиясының
аудандық филиалы.