Жуырда «ASIA EDUCATION» Халықаралық даму орталығы ұйымдастырған «Халықаралық ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалар» атты байқауында мектебіміздің 9 «ә»сыныптағы дарынды оқушыларының бірі Нұртас Есенғалиев жазған ғылыми-зерттеу жобасы үздік деп танылып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, арнаулы Дипломмен марапатталды. Ата-баба өсиеті «Туған жерге туың тік!» деген ғибратты сөзін ұстанып, өз елін, өз Отанын шексіз сүйіп, біртуар тұлғаларын дәріптеуде Нұртастың бұл еңбегі туған өлкесінің тарихы мен келешегінен сүйіспеншілік сезімге бөленген әрбір адамнан зерделі қоғам қалыптасатындығын дәлелдеді. Жас зерттеушінің ғылымға деген қызығушылығы, туған жерге, оның тарихы мен мәдениетіне, экономикасы мен өсіп-өркендеуіне айрықша іңкәрлікпен атсалысуы — шынайы патриотизмнің көрінісі деп айтуға болады.
Өскелең ұрпақты ғылым-білім жолындағы шыңдалуына үлес қосып, ғылыми жетекші болып бағыт-бағдар берген Ақайдар Бақытжанов пен мектеп кітапханашысы Амансұлу Әбдінағиеваның білім саласындағы жетістіктеріне табыс тілейміз.
Г.Аманжолова,
№2 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі.